Онлайн саяхат жасауға арналған қосымша

Онлайн саяхат жасауға арналған қосымша
Фото: vk.com

Google Earth әлемді виртуалды аралауға мүмкіндік беретін жаңа жоба ұсынды. Ол негізінен оқушыларға бағытталғанымен, ересектер үшін де қызық болары анық. Экскурсиялар Voyager бөліміне жүктелген. Жоба идеологтарының айтуынша, аталған турлар мұғалімдерге оқыту құралы ретінде пайдасын тигізсе, оқушыларға география сабағы материалдарын оңай түсінуге көмек береді.

Сайтта қазірдің өзінде Африка бойынша 21 миль жерді шарлауға және мұхит тереңіне бойлауға, Эбола вирусы туралы курс өтуге болады. Лекциялар мен виртуалды турларды BBC, NASA, географиялық қоғам ғалымдары мен зерттеушілері құрады.

А. Оралқызы