Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Қазақстан саяхатшылар қызығушылығы артқан 5 елдің тізіміне енді

Қазақстан саяхатшылар қызығушылығы артқан 5 елдің тізіміне енді

Қазақстан саяхатшылар қызығушылығы артқан 5 елдің тізіміне енді

Ұлыбританияның Compare the Market интернет басылымы соңғы 10 жыл ішінде саяхатшылар қызығушылығын арттырған елдер мен қалалардың тізімін жариялады. Бұл рейтингке Қазақстан да енген.

Басылым айрықша зерттеуін 2009 жылдан бергі Google Trends сұралымы статистикасы бойынша түзіп шыққан. Іздеу жүйесіндегі сұралымдар басты назарға алынған. Саяхатшылар соңғы жылдары қайда барғысы келетіні, нені көргісі келетіні жайлы ақпараттар жинақталған. Нәтижесінде жиһанкездердің қызығушылығын арттырған елдер мен қалалар рейтингі шыққан.

10 жыл ішінде саяхатшылар қызығушылығын арттырған елдер тізімін Филиппин аралдары бастады. Іздеу жүйесіндегі сұраныс 2009 жылдан бері 170,5 %-ға артқан. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея болса, үздік үштікке Сауд Арабиясы енген. Қазақстан - төртінші орында. Google Trends статистикасы бойынша Қазақстан жайлы ақпараттардың ізделуі 47,83 %-ға өскен. Қазақстаннан кейінгі орында Нидерланд елі тұр.

Іздеу жүйесінде сұралымы төмендеген елдер де бар. Оның бір себебі саяси ахуалдар мен сол елдегі жағдайға тікелей байланысты. Мысалы, Египет, Тунис, Түркия, Франция және Бразилия елдерінің туристік орталықтарына алдын ала тапсырыс беру мен ақпарат іздеу әлдеқайда азайған. Есесіне туристердің Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан мен Таяу Шығыс елдеріне көбірек барғысы келетіні байқалған.

Саяхатшылар қызығушылығын арттырған қалалар көшін Венгрия елінің астанасы Будапешт бастады. 10 жылда бұл қала жайлы ақпарат пен тарихи орындарына көз сүзгісі келетін жандардың қатары 87 %-ға өскен. Одан кейінгі орындарға Сеул (Оңтүстік Корея астанасы) мен Копенгаген (Дания астанасы) жайғасқан. Сондай-ақ үздік бестікте Тель-Авив (Израиль) пен Варшава (Польша) қалалары да бар.

Фото: inbusiness.kz, comparethemarket.com
Қосылған күні: 17 сәуір, 12:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.