Диснейленд қайда орналасқан?

Диснейленд қайда орналасқан?
Фото: ru.euronews.com

Ханзадалар мен ханшайымдардың кең сарайы мен сиқырға толы әлемді өз көзімен көруді армандамайтын бала кем де кем. . Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан Диснейленд туралы не  білесіз?

Флоридадағы Диснейленд  (1971 жыл)
• Диснейленд саябақтарының көп шоғырланған аймағы – АҚШ. Оның ішіндегі ең ірісі Орландодан аса алыс емес. Саябақ орналасқан аймақты «Буэн Вист өзені» деп атайды және жалпы ауданы – 122 шаршы километр.
• Саябақ деген ресми атауы болмаса, негізінен шағын қалашық. 4 тақырыптық ойын-сауық, 2 су саябағы бар. Бұнымен оның барлық қызығы аяқталмайды, айналасында 5 гольф алаңы және 40 қонақ үй бар. Бұның бәрі Диснейлендке келетін ересектерге жасалған жағдай.
• Саябақ орналасқан аймақты Диснейдің өзі таңдаған. Дегенмен, құрылысына өзі қатыса алмады.
• Диснейлендтің құрылысына арналған жер аумағын Уолт Диснейдің өзі сатып алды. Ол қаза тапқаннан кейін, құрылысты ағасы Рой басқарды. Алғашқы келуішілер «Сиқырлы патшалық» атты саябаққа келді, кейін ғылыми бақ, «Дисней студиясы» ашылды. Соңынан қатарға «Аңдар патшалығы» саябағы қосылды.
• Келушілердің басым көпшілігі «Сиқырлы патшалықты» таңдайды. Саябақ сақина пішіндес, ортасында Күлшеқыздың қамалы орналасқан. 

Калифорниялық Диснейленд (1955 жыл)
• Бұл саябақ Микки Маустың негізін қалаушылардың көзі тірісінде құрылған. Қолданысқа берілгеннен бері бірнеше мәрте қайта құрылыс жұмыстары жүріп, саябақтың аумағы артып отырған.
• Диснейлендте 8 тақырыптық аймақ бар.

Париж Диснейленді (1992 жыл)
• Француз Диснейленді Парижден 30 километр қашықтықта, шығыс аймағындағы Марн-ля-Вале қалашығында орналасқан. 1940 гектар аймақта екі тақырыптық саябақ бар: Диснейленд-саябағы және Дисней Студиясы. Ересектер мен балалар үшін таптырмас демалыс орны да бар. Оны "Дисней" ауылы деп атайды. Ол жерде би алаңы, сәнді киімдер дүкені, қонақ үйлер мен мейрамханалар бар. Одан бөлек, гольф, теннис, футбол жанкүйерлері үшін де арнайы алаң жасақталған. Балаларға арналған футбол мектебі де бар.
• Саябақ қызметкерлері арнайы тұрғылықты аймақта тұрады. Сонымен қатар, қалашықта вокзал да бар.

Гонконг Диснейленді (2005 жыл)
• Бұл Диснейленд – ең соңында ашылды және аймағы жағынан ең кішкентайы. Есесіне, ол Лантау аралында орналасқан әрі Азия аймағындағы ең ірі ойын-сауық саябағы. Барлық Диснейленд секілді мейрамхана, қонақ үйлер мен арнайы бақтардан тұрады. Ерекшелігі – қытай тілінде сөйлейтін Ақшақар (Белоснежка) мен ұлттық тағамдарға бай меню.

Токиолық Диснейленд (1983 жыл)
• Жапон Диснейленді әлемдегі ең көркем жерлердің біріне жатады. Ол Калифорния Диснейлендінің негізінде салынған. Аймағы – 800 гектар. Елуден астам аттракцион, 7 тақырыптық сектор бар.
• Саябақты жиі шоулар, мерекелік кештер, музыкалық концерттер мен отшашулар ұйымдастырылады.
• Саябақ үлкен болғандықтан, ішінде арнайы пойыз жүреді. Араға 5-10 минут салып келетін пойыз бір басынан екінші басына дейін жеткізеді. Ортада 4 аялдама бар.

Бір рет сиқырлы әлемнің есігін қаққан соң, бұл жерге алған әсер мен сезінген эмоциялар үшін қайта оралғыңыз келетіні анық. 

Т. Есқали