Оңтүстік Корея жаңа ойын-сауық қаласын салатын болды

Оңтүстік Корея жаңа ойын-сауық қаласын салатын болды

Оңтүстік Корея үкіметі алдағы күндері жаңа ойын-сауық қаласының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. 8City деп аталған жобаның құны 290 млрд. долларды құрап отыр. 

854

2030 жылға қарай қытайлық Макаоны басып озуды жоспарлап отырған жаңа қала Йогю-Муи аралында Инчхона әуежайның жанында орналаспақ. 8City қаласында отельдер, көңіл көтеру парктері, жарыс трассалары, сауда орталықтары, казинолар, шаңғы тебу орындары орналасады деп жоспарланған. 8City "сегіз" саны пішіндес етіп салынатын болады. Себебі бұл сан шығыс мәдениетінде ең сәтті саналады.

210

Жыл сайын 134 миллион адамды сыйғыза алатын қала ауданы 80 шаршы шақырымды құрайды. Корей үкіметі бұл жоба арқылы 930 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru

Б. Қосмағамбет