Қонақүй бөлмелері: халықаралық терминдер мен қысқартулар

Қонақүй бөлмелері: халықаралық терминдер мен қысқартулар

Қонақүйдегі бөлме түрлері

Дүниежүзіндегі барлық қонақүй бөлмелерінің түрлері бірдей деуге болады. Бөлмелер бір-бірінен атаулары бойынша ғана ерекшеленеді. Демалысыңызды жоспарлап, сапарға аттанбас бұрын ең бастысы жайлы қонақүй бөлмесін таңдап алыңыз. Ал, қонақүй таңдаған кезде қысқартылған сөздер мен терминдерге кезігеріңіз сөзсіз.

MB (Main Building)

Қонақүйдің басты ғимараты

HV (Holiday Village)

Бунгало кешеніндегі қонақүй. Бірінші және екінші категориялы болып бөлінеді (HV1 и HV2)

BGL, BG (Bungalow)

Басты ғимараттан бөлек орналасқан бунгало. Әдетте бір не екі қабатты болады.

Chale

Басты ғимараттың іргесіне салынған үй

Cabana

Жағажай не бассейн жанында салынған бунгало іспетті шағын үй. Бұл үй басты ғимараттан бөлек орналасқан

Cottage

Коттедж

Executive Floor

Қызмет көрсету дәрежесі жоғары қонақүйдегі бір немесе бірнеше қабаттар

Халықаралық стандартта көрсетілген қонақүй бөлме түрлері

SGL (Single)

Бір орынды бөлме

DBL (Double)

Екі орынды бөлме.

Бұл бөлмелерде екі кісілік үлкен төсек не жеке-жеке екі төсек болады.

TRPL (Triple)

Үш орынды бөлме (әдетте, екі төсек + жиналмалы төсек не диван)

QDPL (Quadriple)

Төрт орынды бөлме

ExB (Extra Bed)

Қосымша төсек

Chld (Child)

Балаларды орналастыру құны

ВО (Bed Only)

Тағамсыз орналасу

ROH (run of the house)

Қонақүй қызметкерлерінің шешіміне байланысты орналасу

Қонақүй бөлмелерінің классификациясы

STD (Standart)

Стандартты бөлме

BDR, BDRM (Bedroom)

Жатын бөлмесі бар бөлек бөлме

Superior

Стандартты бөлмеден үлкенірек бөлме

Corner room

Бұрыштағы бөлме

Studio

Студия, асүйі бар стандартты бөлмеден үлкенірек бөлме

Family Room

Стандартты бөлмеден үлкенірек отбасылық бөлме

Family studio

Іргелес бөлмелері бар отбасылық бөлме

Extra Bed

Қосымша төсек

Suite

Жатын және қонақ бөлмелері бар стандартты бөлме

Suite mini

Үздік категориядағы бөлме

Junior suite

Екі орынды үлкен бөлме

De luxe

Қымбат жиһаздармен жабдықталған екі орынды үлкен бөлме

Executive suite, suite senior

Толық жабдықталған екі не одан көп бөлмелі орын

Business

Компьютер мен факс сияқты жұмықа қажетті құралдармен жабдықталған үлкен бөлме

Honeymoon Room

Жас жұбайларға арналған бөлме

Connected Rooms

Біріккен нөмірлер

Duplex

Екі қабатты нөмір

Apartment

Бірнеше бөлмелі пәтерге ұқсайтын орын

President

Бірнеше жатын бөлмелері, жеке кабинет, екі-үш дәретханасы бар орын

Balcony

Балконы бар бөлме

Форумда талқылау

Суреттер http://findingneverlandforyou.com ғаламтор бетінен алынған

Ғ. Ұзақ