Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Пойыздың кешігуі мен уақыт көзқарасы

Пойыздың кешігуі мен уақыт көзқарасы

Пойыздың кешігуі мен уақыт көзқарасы

Жапонияда пойыз бірнеше минут кешіксе болды, темір жол бекетіндегі қызметкерлердің жолаушылардан кешірім сұрағанын естисіз. Ал, пойыз он минут кешіксе, жолаушылар ашудан жарылып кете жаздайды. Мұндай жағдай Жапонияда көп ұшырайды. Осы істі румыниялық досыма айтып едім, ол «Румынияда пойыз он минут кешіксе, жолаушылар қол соғып қуанады» деп күлді. Өйткені, Румынияда пойыздың он минут емес, бір-екі сағат кешігіп келуі қалыпты жағдай екен.

Жапонияның Фудзияма тауы ауданында 2005 жылы сәуірде пойыздың темір жолдан шығу шырғалаңы туылды. Шетел ақпарат дәнекерлері мұны жаппай хабарлап жатты. Шырғалаңға пойыздың бір жарым минут кешігуі себеп болғандығы шетелдіктерді қайран қалдырды. Шетелдіктер талай жанды жалмаған осы оқиғаны шынын айтқанда, нағыз жапонша жол апаты деп санады.

Румыниялық досым маған Румынияда мұндай тосын жағдайдың туылуы мүмкін емес. Онда пойыз жүргізушілері пойыздың бірнеше минут кешігуін елемейді дейді.

Жапонияны есепке алмағанда, пойыздың кешігіп келуі әр елде үйреншікті жағдай. Шығыс Еуропадағы елдердің темір жол саласында мұндай істер көп кездеседі. Италияда пойыздың кешігуінен кезекші пойыздардың рет-тәртібі былығатынын жиі естіміз.

Германияға саяхаттай барған кезде, Гамбургте бекетке пойыз екі сағаттан артық кешігіп келсе, вокзал ішінен ду қол шапалақ үні көтерілді. Немістердің жұмысты шырғасын шығармай құнтты істейтіндігі кімді болсын тамсандырады. Бірақ, Германиялық бір досым бұрынғы Шығыс Германияға қатынайтын пойыздар әлі кешігетінін, соның салдарынан кезекші пойыздардың тәртібі былығып жататынын айтады.

Индияда пойыздың кешігуі дағдылы жағдай. Жолаушыларда бұған көндігіп кеткен. Ешкім ашуланбайды. Пойыз келгенше көпшілік ұсақ-түйегін жөндеп, күбір-сыбыр әңгімемен болады. Бір күні пойыз бекетке дәл уағында келіп еді, бұрынғы әдеттеріне басып алдеқайде лағып кеткен біреулер пойызға үлгере алмай қалады. Содан олар темір жол қызметкерлеріне айқайлап, шу көтере бастайды:

- Бұларың не?! Пойыз күнде кешігіп келетіні қайда?! Бізді жолымыздан қалдырдыңдар. Жауапкершілік арқалайсыңдар осы үшін!– дейді. Сонда темір жол бастығы:

- Көпшілік, абыржымаңыздар, бұл кешегі пойыз. Бүгінгі пойыз әлі келген жоқ,- деген екен аспай-саспай.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: fototelegraf.ru

2334 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 19:35
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 08:51

Үндістанның поездары біздің қазақтар исяқты екен, ылғиы кешігіп жүреді, бәрі соған үйреніп қалған :)

+0
07 қараша 2012, 09:48

ужассс, жапонияға кетем

+0
07 қараша 2012, 09:51

Жапонияға кетсек пойызға үлгере алмай қалып қоя беретін шығармыз.

+0
07 қараша 2012, 10:22

Баяғыда бір қазақ:" мына неме жатып алып мынадай жүгіргенде, түрегелсе қиын еке ә?!" деп таң қалған екен. Мен де сол ағамнан асып тұрғам жоқ. Пойез туралы түсінігім аздау. Бір-ақ рет отырып көріппін. Былтыр ғана. 8-)

+0
07 қараша 2012, 10:37

Бір үндіс киносы бар еді осы тақырыпқа сай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...