Азиялық піл корей тілін үйреніп жүр

Азиялық піл корей тілін үйреніп жүр

Кошик атты азиялық піл корей тіліне ұқсас сөздерді айтып, адамша тіл қатады екен. Корей тілін білетін адамдардың айтуынша, піл шындығында осы тілде бірнеше сөзді айта алады-мыс. 

Пілдің сөздік қоры бес сөзден тұрады. Олар: annyong («сәлем»), anja («отыр»), aniya («жоқ»), nuo («жат») және choah («жақсы») деген сөздер. Кошик сөздерді қайталап қана қоймай, зообақ қызметкерлерінің дауыс ырғағы мен тембрін қайталай алады.

5

Бұған дейін де интернетте басқа да жануарлардың адамша тіл қата алатыны жөнінде ақпараттар пайда болған еді. Бірақ бұл жағдайлардың бәрі ғалымдар тарапынан зерттеу жүргізілмегендіктен, дәлелденбеген болатын. Ал Кошиктің таланты болса, басқаша. Пілді тыңғылықты зерттеген Вена университетінің ғалымдары Кошиктің қабілетін бірауыздан дәлелдеп отыр.  

Әзірге пілде бұл қабілеттің қайдан пайда болғанын мамандар нақты айта алмай отыр. Болжам бойынша, жұмбақтың шешімі Кошиктің кішкентай кезінен бастап зообақта, қызметкерлер арасында өскендігінде жатуы мүмкін.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru

Б. Қосмағамбет