Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Мамыр айында болатын демалыс күндерін қайда өткіземіз?

Мамыр айында болатын демалыс күндерін қайда өткіземіз?

Мамыр айында болатын демалыс күндерін қайда өткіземіз?

Санаулы айлардан кейін мамыр айы келіп жетеді. Мамыр айы мерекелік демалыстарға толы ай. Демалысты шетелде өткізуді жоспарлап жүрсеңіз, біздің кеңестерімізге құлақ түріңіз.

  1. Мамыр айындағы демалыс күндерін Чехия астанасы Прага қаласында өткізуге болады. Нағыз чех сырасынан дәм татып, тарихи мекендерді аралап қайтуыңызға болады.
  2. Көне Русь тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысуды ойлап жүрсеңіз, Украина астанасы Киев қаласына жол тартыңыз. Бұл жақта тарихтан сыр шертетін ескерткіштер мен ескі ғимараттарды аралап, демалысыңызды арзан әрі қызықты өткізе аласыз.
  3. Демалыс күндерін Вена қаласында өткізуге болады. Вена қаласының көрікті мекендерін аралап қана қоймай, галерея, мұражай, театр сияқты мәдениет ошақтарына бас сұғып,  рухани тұрғыда тыныға аласыз.
  4. Сәулет өнерін жоғары бағалайтын жандар мамыр айындағы демалысын Вильнюс қаласында өткізе алады. Бұл қалада әр кезеңде салынған ғимараттармен таныса аласыз. Мысалы, Гедиминес қорған сарайы, Кафедралы собор, готикалық нақыштағы Ұлы Анна Костелі сияқты ғимараттар сан жылдар бұрын салынса да, әлі күнге дейін сақталып, сырын жоғалтпаған.
  5. Киносүйер қауым өз демалысын Рига қаласында өткізе алады. Бұл қалада кеңес  кинофильмдерінен көрген көшелерді аралап, көгілдір экран арқылы таныс аудандарды таба аласыз.
  6. Ақшасын жаңа дүниеге жаратуға құмар жандар демалыс күндері Осло қаласына аттанса болады. Норвегия астанасындағы дүкендер мен орталықтарда тауар бағасы неғұрлым қымбат болса, соғұрлым тауар сапасы жоғары болады.
  7. Осло қаласымен қатар, дүкен аралауға құмар жандар демалысында Стамбул қаласына жол тартса болады. Стамбул қаласының әр ауданында орналасқан дүкендер мен сауда орталығында маусым сайын жеңілдіктер уақыты болады. Мамыр айында болатын шоптурдан қапы қалмаңыз!
  8. Тамақты талғап жейтін жандар мамыр айындағы демалысын Барселона қаласында өткізе алады. Бұл қалада жергілікті аспазшылар сізге каталония асханасының тағамдарын ұсынады. Мейрамханаларда томат қосылған наннан ауыз тиіп, кофеханалардан ыстық шоколадпен кофе ішіп, Бокерия базарынан тәтті тағамдардан дәм татасыз. Демалысыңыз тойымды әрі жайлы өтеді.
  9. Суда жүзуді аңсап жүрген жандар ат басын Будапешт қаласына бұрса болады. Бұл қала үлкен бальнеологиялық шипажайымен танымал. Жергілікті монша мен бассейндерде тиімді бағамен демала аласыз.
  10. Түнгі клубтар мен сәнді жиындарды сүйетін жандар мамыр айындағы демалысын Таллин қаласында өткізе алады. Эстония астанасының ақшамы әркез қызықты әрі думанды кештерге толы.

 

Мамыр айындағы демалысыңызды Еуропа елінде өткізуді жоспарласаңыз, қазірден бастап шенген визасын рәсімдеуге асығыңыз. Себебі, визаға алдын ала, шамамен, 1,5-2 ай бұрын тапсырыс беру қажет. Әуебилеті мен қонақүй бөлмелеріне алдын ала тапсырыс берсеңіз, сіздің шығыныңыз 30-40%-ға төмендейді. Бұл сіздің демалысыңызға кететін қаражаттарды үнемдеудің бір жолы. 

Демалысыңыздың жайлы әрі жақсы өтуі үшін оңтайлы демалудың жолдарын естен шығармаңыз. Сәт сапар!

Сурет www.r52.ru ғаламтор бетінен алынған

Форумда талқылау

3784 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 22 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
22 ақпан 2012, 17:06

Dubaiga baru kerek ed))))

+0
22 ақпан 2012, 17:07

Барып келіңіз, өте әдемі қала екен))))

+0
22 ақпан 2012, 17:09

baryp keldynba? sen?

+0
22 ақпан 2012, 17:12

Бауырым барып келген. Өзім келесі жылы баруды ойластырып жүрмін

+0
22 ақпан 2012, 17:30

mm baryp kel..

+0
22 ақпан 2012, 17:37

Сіз де барып қайтыңыз, кейін алған әсеріңізбен бөлісерсіз)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...