Қазақстандықтар биыл жазда қайда демалғанды жөн көреді

Қазақстандықтар биыл жазда қайда демалғанды жөн көреді
Фото: Pixabay

Биылғы жазда демалу үшін қазақстандықтар Түркия, Мысыр, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сочиді таңдап отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда, Мысырға жолдама сатып алғандардың саны 30 пайызға артқан. Егер уақтылы брон жасаған болсаңыз, Мысырға қарай орташа есеппен 300-500, Ал Түркияға 500 АҚШ долларын жұмсайсыз. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазғы демалыс кейде жанға жайлы қыдырыстан бөлек, едәуір әуреге де айналып кетуі әбден ықтимал. Мәселен, жайлы демалысыңызға ойда жоқта пайда болып, ақша қолға түскеннен кейін ғайып болып кететін алаяқ турфирмалар да осы уақытта «ұйқысынан оянады». Тіпті кейбір жағдайда бұрыннан абыройы бар турфирмалар кенеттен өздерін банкрот ретінде жариялай салуы да мүмкін.

2010-2018 жылдар аралығында туристік демалысты көздеген 12 мың қазақстандық ондаған миллиондаған доллар шығын көріп, жауапсыз туроператорлардың салдарынан шетелдегі демалысынан кейін Отанына орала алмай әуреге түскен.

Осы жаздың басында да осыған ұқсас жағдай Алматыда тіркелді. Ол кезде турфирмалардың бірі 30 клиентті Түркияға жалған жолдама сатып, 19 миллион теңгеге алдап кеткен. Маусым айының соңында 18 қарағандықтан полицияға арыз келіп түсті. Олар алдап кеткен турагенттіктің директорына іздеу салып жатыр. Алаяққа алданып қалған туристер Еуропаға ұшуы керек болатын.

Мұндай күрделі жағдайлардан сақтанып, демалысты әуреге айналдырмау үшін қазақстандықтардың не істеуі керектігі туралы жоғарыда аталған қорда тұсіндірілді. Ең алдымен, өз отеліңіздің бронын, үйге қайта қайту бойынша билеттің алынғанын, сонымен бірге өзіңіздің ТурКОД-ыңызды тексеріп алған абзал.

Туристік код 11 немесе 13 (шыққалы отырған мемлекетке байланысты) әріпті-санды символдан тұрады. Ол әрбір жолдаманы сатып алған кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әрбір турист үшін бірегей екенін айта кету керек. Күрделі жағдай туындай қалған жағдайда турист қормен байланысқа шығып, өз туркодының санын айтып, 24 сағаттың ішінде шұғыл көмекті күтеді. Туркод жеке парақта да, жолдама арқылы да беріледі.

Барлық қазақстандық турагенттіктер жолдаманы сатып алған кезде туркодты туристке беруге міндетті. Бұл ретте турагенттіктердің бәрі де «Туристік Қамқордың» мүшесі екені ескерілуі керек. Бұлай болмаған жағдайда ол турфирманың жұмысы заңсыз деп танылады да, ол шетелге шыққалы отырған сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ете алмайды. Туркод сіздің Отаныңызға оралуыңызды ең жақын уақыттағы рейс арқылы қамтамасыз етуге қауқарлы. Қор жұмысын бастағалы бері 450 мың қазақстандыққа туркодтар берілгенін ерекше атап өту керек.

Мониторинг жұмысы көрсетіп отырғандай, Қазақстанда туристік бағытта жұмыс жүргізуде 1500 лицензия берілген. Алайда олардың тек 500-і жұмыс істеп тұр. Туристік қызмет нарығындағы турфирмалардың бәрі әлі «Туристік Қамқор» Қорына кіре қойған жоқ. Олардың тек 59-ы ғана шетеле азаматтардың кепілдендірілген қауіпсіздігі жүйесінің қатысушылары болып саналады.

«Туристік Қамқор» Қоры 2016 жылдың 7 қарашасынан бастап жұмыс істеп келеді. Заңнама аясында қазіргі таңда www.fondkamkor.kz сайтында «Қатысушыларды тіркеу» бөлімі бар. Мониторинг мәліметіне сәйкес, нарықты 80 пайыздық көрсеткішке дейін қамтып, қор құрамына тағы 20 туроператорды енгізу күтілуде.

inform.kz

А. Қажиев