Обамаға хот-дог жеуге тыйым салынды

Обамаға хот-дог жеуге тыйым салынды

АҚШ-тың медициналық жауапты дәрігерлерінің қоғамдық комитеті президент Барак Обамага сын айтты. Олар Ақ үйдегі президенттің, вице-президенттің және оның отбасының көпшілік ортада фасфудт тағамдарын жеуіне тыйым салды.

«Президенттің темекі сатып алып жатқан суреттерін Ақ үйдегілер ешқашан жария етпейді. Онда неге оның қолындағы хот-догы бар суретті көрсету дұрыс деп санайды? Президент өзінің көпшілік ортадағы іс-қимылдары үшін жауапты»,-деп хабарлайды комитет.

Бұған дейін президент Барак Обаманың көпшілік ортада, оның ішінде шет елдің лауазымды қонақтарының қасында хот-дог және гамбургер жеп жатқандағы суреттері барлық газет-журналдарда жария етілген еді. Оның ішіндегі белгілі бір жайт 2012 жылы Обаманың Медведевпен бірге Ақ үйдегі кездесуінен кейін фастфуд жеп тұрған кезі еді.

Сонымен қатар, комитет сайтында жақын арада Ақ үйге берілетін ұжымдық өтініштер де бар екен. Өтініш қабылдануы үшін 25 мың адам қол қоюы қажет екен, ал қазіргі таңда тек 1 мың адамның дауысы жиналған.

Сайт бұдан бұрын экс-президент Билл Клинтон және Джордж Буштың көпшілік ортада McDonald's тағамдарын жегендігі туралы хабарлаған болатын.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ura.ru

Б. Қосмағамбет