22 қазан – халықаралық мектеп кітапханасының күні

22 қазан – халықаралық мектеп кітапханасының күні

22 қазан – халықаралық мектеп кітапханасының күні 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімімен тойлана бастады. Бұл атаулы күнді Мектеп кітапханасының халықаралық ассоциациясының (International Association of School Librarianship, IASL) президенті Бланш Вуллз жария етті. 2005 жылы бұл мейрамды ресмилендірген ассоциацияның жаңа басшысы Питер Дженко болатын. Ал 2008 жылы бұл атаулы күн жаңа деңгейге көтеріліп, қаңтар айында жобаның үйлестірушісі Рик Малхолланд айлық күнді өткізіп тұру керектігін мәлімдеді. Дәл осы жылдың қазан айында алғаш рет халықаралық мектеп кітапханасының айлық мерекесі «Сауаттылық пен білім – сіздің мектеп кітапханаңызда» деген атпен өтті.

Содан бері тойланып келе жатқан осы күн біздің елімізде де елеусіз қалмайды.

Массагет ұжымы мектеп кітапханасы ісіне қатысы бар маман иелері мен кітапханашыларды атаулы мерекесімен құттықтайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: yvi.kz

А. Әбілхан