Тағамға арналған ескерткіштер-2

Тағамға арналған ескерткіштер-2

Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан ерекше әрі таңқаларлық тағамдарға арналған ескерткіштер туралы баяндауды жалғастырамыз.

Латвияның Прейли қаласында ұйымдастырылған "ірімшік алаңында" ірімшікке арналған бірнеше ескерткіштер тұрғызылған. Мемлекет экспорттайтын сыр өнімінің 70% бөлігі осы қаланың еншісінде.

Сүрленген шұжықты сүйіп жейтін көпшіліктің көзайымына айналған мына бір ескерткіш - Новосибирск қаласының "Комсомол" көшесінде тұрғызылған.

Кез келгеннің ағзасына пайдалы әрі дәмді көкөністердің бірі қиярға арнап тұрғызылған ескерткіш Мәскеу облысы Луховцы қаласында орналасқан.

Ас атасын - нан. Дәл осы аталы сөзді бағдарға алған ресейлік тұрғындар Зеленегорск қаласында нан өнімдеріне арнап үлкен ескерткіш ұйымдастырған. Мұнда бөлке, батон нандар мен бәліштер бар.

Тағамдарды ерекше жақсы көретін ресейліктер ерекше ескерткіштерімен таңқалдыруды тоқтатар емес. Калининград облысының Мамоново қаласында орнатылған майлыбалықтарға арналған ескерткіш - туристер қауымының сүйікті орнына айналған. Мұнда жаңадан некелерін қидырған жас жұбайлар толассыз келіп жатады. Ескерткіштің авторы - Федор Морозов.

Палестина жеріндегі қарбызға арналған ескерткіш тіптен ерекше. Өйткені ол түрлі-түсті қоспалардың арқасында нағыз қарбыздың бейнесін көрсетіп тұрады. Көз алдыңыздағы жасыл ала көкөністі көріп тәбетіңіз ашылып сала береді.

Жалғасы бар...

Суреттер:halyktravel.kz,reports.travel.ru,udarnik-truda.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева