Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жарға жармасқан 10 қала

Жарға жармасқан 10 қала

Жарға жармасқан 10 қала

Сәулетшілердің фантазиясы сан түрлі. Бірі өзен, көлдердің ортасынан қалашық салып жатса, енді бірі әр түрлі формадағы ғимараттармен ерекшелінеді. Массагет порталы назарларыңызға сәулетшілердің тағы бір таңғажайып туындыларын ұсынады. Әңгіме жарда орналасқан ең көрікті 10 қалашық туралы. 

10. Кастеллфолли де ла Рока

Кастеллфолли де ла Року Испанияның Каталония аймағының орманды алқасы болып келеді. Кастеллфолли екі өзеннің ортасына салынған. Ғимараттардың басым көпшілігі жардың ең шетінде орналасқан. Қалашық ортағасырларда салынғандықтан, әрбір ғимаратты айнала өскен ағаштардың тамырлары берік етіп ұстап тұр екен.

9. Рокамадур

Рокамадур — шағын қалашық. Францияның оңтүстік-батысындағы Алзоу өзенінің жоғарғы жағында орналасқан. Сәулетшілердің айтуынша, Рокамадур ғимараты жылдан-жылға жартас қойнауына еніп барады екен. ХІІ ғасырда салынған бұл қалашық, Француз революциясы кезінде қараусыз қалып, бүгінде бұл аймақ Францияның ең керемет демалыс орындарына айналған. 

8. Бонифачо 

Бонифачо — Корсикидің оңтүстік аймағында орналасқан. Бонифачо қаласы мен қорғаны теңіз жағалауындағы жардан 70 метр биіктікте орналасқан. Бұл аймақтағы басқа қалашықтардың барлығын теңіз суы шайып кеткен. Бонифачо қалашығы да құлаудың аз-ақ алдында тұр.

7. Акапулько

Акапулько — Мексиканың курортты аймағы. Бұл жерге 1950 жылдан бастап Голливуд жұлдыздары мен миллионерлер жылына екі-үш қайтара келеді екен. 

6. Меса Верде

Месса Верде Колорадоның оңтүстік-батысында орналасқан. АҚШ ғалымдарының айтуынша, адамзаттың байырғы отаны. Бұл жерде ежелгі үнді халықтарының мәдени мұралары осы күнге дейін сақталып келеді. ХІІ ғасырда осы жерде тұрған үнді тайпалары жартасты үңгілеу арқылы өздеріне баспана салған. Ал 1300 жылдары барлық үнді тайпалары басқа аймаққа қоныс аударған. Бірақ, сол заманда қазылған үңгір үйлер бүгінге дейін сақталып, ХХ ғасырдың ортасында АҚШ сәулетшілері Месса Верде үңгірін қалашыққа айналдырған. 

5. Нагорье Бандиагара

Нагорье Бандиагара — Малидегі құм қалашығы. Биіктігі 500 метрден асып жығылады. Бұл қалашықтың іргесін жабайы адамдар қалап кеткен. Ежелгі адамдардың бұл қалашықты салудағы басты мақсаты, өмірден озған туған-туыстары осы биік ғимараттың үстіне жерленіп, Жаратушысына жақын болсын деген. 

4. Ронда

Ронда Испанияның Малага провинциясында орналасқан. Қала теңізден 760 метр биіктікте орналасқан. Гуэдэлевин өзенінің қос қапталында орын тепкен. Бұл қалашыққа саяхат жасаған адамдар үш көпір арқылы Ронда аймағын толығымен тамашалай алады. Қалашықтың сәулетін ежелде осы аймақты билеген римдіктер жасаған. 

3. Әль Хайяра

Әль Хайяра Йеменнің тарихи қалаларының бірі. Мэнэх қаласының батысында орналасқан. Қала тас өндіру барысында ХІІ ғасырда салынған. Әль Хайяра таудың құзар шыңында орналасқандықтан, бұл жерге жылына көптеген саяхатшылар келеді. 

2. Позитано

Позитано - Италияның ең көрікті жерлерінің бірі. Қала таудың басынан, теңіз жағалауына дейін ұзыннан-ұзақ орналасқан. ХХ ғасырдың басында бұл қалада балық аулайтын кедей шаруалар тұрған. Бүгінде бұл қала саяхатшылар арасында кеңінен танымал. 

1. Санторини аралы

Санторини — Грекияның жанартаулы аралы. Бұл қала өзіндік ерекше пейзажымен дараланады. Қала саяхатшыларға барлық жағдайларды жасаған. Санторини бүгінде ең қымбат демалыс орындарының бірі. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: mirfactov.com

1111 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Қосылған күні: 12 қазан 2012, 10:23
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 12:05

Тақырыптың өзін өлтірген екенсің бауырым, мынауың таңғажайып екен.

+0
12 қазан 2012, 12:06

неде болса сұмдық екен...Каталонияға барғым келмей қалды ғой

+0
12 қазан 2012, 12:36

біртүрлі қазір міне, құлап кететін секілді көрінеді екен :roll:

+0
12 қазан 2012, 13:41

мынау енді сұмдық екен. тақырыбын мен дже мақтағым келіп отырғаны!

+0
12 қазан 2012, 13:48

"Алматы-1" дегі мен Көктебедегі үйлерді көргенімде шошынған едім,мынаған енді сөзім жоқ :shock:

+0
12 қазан 2012, 14:28

Керемет!

+0
12 қазан 2012, 14:51

әдемі. бірақ көргенге болмаса тұруға қорқар ем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...