Құстар да көлікке қызығады екен....

Құстар да көлікке қызығады екен....

Білесіз бе, құстар қызыл түсті көлікке көп қызығады екен. Және бүлдіруге ерекше құлықты болып шықты. Яғни 18 пайыз жағдайда қызыл түсті көліктер құстардан жәбір көрсе, тиісінше көк түсті көліктер 14 пайыз жағдайда жапа шегеді. Ал қара көліктер 11 пайызбен үшінші болып тұр.

Сонымен не керек, ақ пен сары жалқын көліктер құстардың шабуылына аз ұшырайды. Әсіресе, жасыл көліктер мен құстардың арасында өзара достастық келісім бардай (табиғаттан келе жатқандай). Себебі, бұл көрсеткіш бар-жоғы 1 пайызға жетер-жетпес.

Жүргізушілердің 17 пайызы құстың "байлығын" сүртіп тастайтын көрінеді; 20 пайызы бірнеше күн бойына ойланып жүрсе, 55 пайызы қашан көлік жуылғанша күттіріп қояды екен. Ең қызығы сол, жүргізушілердің сегіз пайызы ешқандай әрекет те жасамайды.

Ең жаманы сол, құстың бұл қылығы көлік иелеріне көпке түсері сөзсіз. Өйткені кез келген зат пен тамақты қорек қылатын құстың асқазанында ана-мынау нәрсе жатпайды. Оның ішінде мамандар бірінші кезекте кептерден сақтану керектігін ескертеді.

Мамандардың айтуынша, Ұлыбританияда жыл сайын құстың кесірінен жүргізушілердің қалтасынан 57 миллион фунт стерлинг шығып отырады (89 миллион доллар).

сурет:ethiopianembassy.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига