Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең ерекше 10 қонақүй

Әлемдегі ең ерекше 10 қонақүй

Әлемдегі ең ерекше 10 қонақүй

Бүгінгі таңда қонақүйлердің адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Алыс-жақын шет елдерге іс-сапармен шыға қалсаңыз немесе шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында ел кезетін болсаңыз, қонақүйдің көмегінсіз тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе, қонақүйлер - туристер қауымының екінші үйіне айналып кетті десек те болады.

Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз ерекше мекендерде орналасқан ең  ерекше қонақүйлерге арналады.

Celica қонақүйі. Атақты Lonely Planet жолкөрсеткіш кітапшасында Celica қонақүйін әлемнің ең сәнді қонақүйі деп көрсеткен. Польша жерінде орын тепкен бұл ғимаратқа қонақ бола қалсаңыз, тұтқындардың өмірін сезініп көруге мүмкіндігіңіз бар. Қалай дейсіз бе? Өйткені қонақүйдің бөлмелері түрме камерасы секілді (есік-терезелері де түрме торына ұқсас) жасалған.

Gyreum Eco-Lodge  қонақүйі. Сіз өміріңізде пудинг жеп көрдіңіз бе? Тіпті, көзіңізбен көрген де жоқсыз ба?! Олай болса, Ирландияда орналасқан Gyreum Eco-Lodge атты  ерекше қонақүй дәл осы пудинг пішіндес болып келеді. Әдетте мұнда мерекелік іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар, үйлену той рәсімдері өткізіледі.

Yunak Evleri қонақүйі. Бұл - әлемдегі жалғыз «үңгір» қонақүй. Ол Түркия жеріндегі тас діңгектер аумағында орналасқан. Сондай-ақ, қонақүйде бес ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан бөлмелердің бар екендігін біле жүріңіз.


Clink қонақүйіClink қонақүйі Лондонның ескі сот ғимараттарының бірінде орналасқан. Қонақүйге ат басын тірей қалсаңыз, сот залында отырып тамақтануға мүмкіндігіңіз бар. Қонақүйге жақын маңда атақты Сент-Панкрас вокзалы мен Британ мұражайы бар.


Kadir's Top Tree қонақүйі. Түрік сәулетшілерінің тағы да бір тамаша туындысы - Kadir's Top Tree қонақүйі. Бұл ғимарат қалың өсімдік әлемінің ортасында орналасқан. Табиғат-Ананың сұлулығын тамашалап болған қонақтар ағаш ішіндегі үйде жатып тыныға алады. Және «швед дастарханының» дәмі тіл үйірер тағамдарын армансыз жеуге мүмкіндік бар. 

Radeka Downunder қонақүйі. Radeka Downunder қонақүйі жер астында орналасқан. Оңтүстік Аустралияның Кубер-Педи қаласының орталығындағы қонақүйдің бөлмелері түрме камераларын еске салады.


Point Montara қонақүйі. Калифорния штатындағы шамшырақта орналасқан Point Montara қонақүйі тіптен ерекше. Тынық мұхитының жағалауындағы ғимарат терезесінен толқындарды, киттердің қоныс аударуын тамашалай аласыз. Ең бастысы, бұл қонақүй қаланың қарбалас тіршілігі мен у-шуынан демалуға таптырмас мекен.


Railway Square қонақүйі. Теміржол вагондарынан жасалған Railway Square қонақүйі Сидней жерінде орын тепкен. Қонақүй ішінде көптеген мейрамханалар, дүкендер, сауықтыру кешендері жұмыс істейді.

Wei Qun Lou Inn қонақүйі. Қытайдың Чжанчжоу аумағындағы Wei Qun Lou Inn қонақүйі осыдан бірнеше ғасыр бұрын тұрғызылған. Ғимарат авторлары – солтүстік Қытайдан қоныс аударған оралмандар болып табылады. Бұл мекен туристер арасында кеңінен танымал. Аумақтың негізгі тұрғындары қарапайым шаруалар екен.


Jumbo Stay қонақүйі. Швецияның Стокгольм қаласындағы Jumbo Stay қонақүйі ұшақ бортында орналастырылған. Қонақүйде 25 бөлме бар және олар жайлы төсектермен, теледидарлармен қамтамасыз етілген. Кез келген бөлмеде еш қиындықсыз ғаламтор желісін пайдалануға болады.

Суреттер:humourcafe.blogspot.com,blog.tui.ua,hrs.com,

tripadvisor.com,facegallery.ru,pegasdv.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4824 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 қазан 2012, 21:39
Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 22:48

Түркияның қонақ үйлері әдемі екен

+0
08 қазан 2012, 23:46

Маған да Түрік елінің қонақүйі ұнады

+0
09 қазан 2012, 00:07

Түркияны әлемдік туризмнің ортасы бекер айтпаған қазақ атамыз....

+0
09 қазан 2012, 08:00

біздің елде де осындай ерекше бірнәрсе салуға болмайма екен? соғұрлым небір ғимарат соғып жатыр,саны бар, сапасы жоқ! Осындай да сәулетші болғым келіп кетеді ше...

+0
09 қазан 2012, 08:57

Стокгольмде жүрген бір жанды қатты күтіп жүрмін... :(

+0
09 қазан 2012, 09:13

Үңгірдегі қонақ үйге бір түнеп шықса ғоййй, ерекше сезім билер еді.

+0
09 қазан 2012, 10:24

маган да туріктердікі унады, әдемі және ғажап екен-ақ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...