Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Егіздер қаласындағы "Егіздер" фестивалі

Егіздер қаласындағы "Егіздер" фестивалі

Егіздер қаласындағы

АҚШ-тың Огайо штатындағы Твинсбург қаласында жыл сайын "Егіздер" фестивалі өткізіліп тұрады. Ең қызығы, егіздер сайысы өткізілетін қала атауын біздің тілге аударсақ, «твинсбург» - «егіздер қаласы» дегенді білдіреді екен.

Твинсбургтегі ең алғашқы фестиваль 1976 жылы өткізілген болатын. З6 жылы бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан додаға былтырғы жылы үш жарым мыңнан астам егіздер жұбы қатысқан болса, биылғы жылы екі мыңнан астам жұп бақтарын сынады. Ең жас егіздердің жасы – бірнеше ай ғана болса, ең үлкендерінің жасы – тоқсан жетіде екен.

Фестивальді ұйымдастырушылар іс-шараның сәтті өтетіндігіне шын сеніп, оның қанат жаю жолында ерен еңбек еткендіктерін айтады. Бәрі де солай болды, жер шарында өтетін көптеген сайыстарға қарағанда "Егіздер" фестиваліне жиналатын халық едәуір көп екендігін айта кетейік. Және танымалдығы жөнінен де алдыңғы орында тұр.

Фестивальға Аустралия, Жапония, Канада секілді алыс-жақын шет елдерден келген қонақтардың ризашылығында шек жоқ десе де болады.

«Егіздер» додасының негізгі авторлары - Твинсбург қаласының тұрақты тұрғындары, ағайынды егіз бауырлар.

Фестивальға кез келген жастағы «егіздер», «үшемдер», тіпті «төртемдердің» де қатыса берулеріне болады. Фестиваль барысында түрлі-түрлі сайыстар, таланттылар байқаулары және қаладағы ең ұзын көше бойында «егіздер шеруі» өткізіледі. Ең бастысы, фестивальдің «ең сымбатты Патшасы», «ең сұлу Патшайымы», «ең сүйкімді Ханзадасы», «ең көрікті Ханшайымы» анықталады.

Биылғы жылдың жеңімпаздары болып Акронадан келген үш жастағы Авиар (сол жақтағы) және Авион Оуэнс-Коттрел есімді егіздер танылды.

Суреттер:omyworld.ru,bugaga.ru,

oblacco.livejournal.com,liveinternet.ru,copypast.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4588 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 қазан 2012, 09:11
Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 10:18

егіз болмағанымды қараш))

+0
08 қазан 2012, 10:34

бала кезден бері егіз болуды армандайтынмын( кейде құрбым екеуміз бірдей киініп жүретінбіз), енді егіз сәби дүниге әкелсем деймін))))

+0
08 қазан 2012, 13:24

8-) егіз болуды бәрі армандайды екенго,да? Бұйыртса,менде егіз тууды армандаааааааап жүрмін,"егіз қалайда болады" депте қоям ;)

+0
08 қазан 2012, 14:14

Егіздер жайлы бірнеше ғылыми фильм көрдім. Жаратылыстары расында ғажап!

+0
08 қазан 2012, 14:26

Қызыыық екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...