Құрыштан жасалған ер мен әйелдің махаббаты

Құрыштан жасалған ер мен әйелдің махаббаты

Грузиядағы Батуми қаласында тұрған "Али мен Нино" мүсіні - махаббат ескерткіші және әлемнің ең шынайы және соны мүсіндік композициясы болып саналады.

Қазіргі таңда мүсіннің бойы жеті метрді құраса, аралық айналым бойынша 8-10 минут бойы қозғалып тұрады. Мүсінде ер адам мен әйел адам көрініс тапқан. 

""Махаббат" мүсіні өмірлік қозғалыстың, өзара жарасымдылық пен тұтастықтың құрылымы" - деп қала мэрі Батуми Роберт Чхаидзе баға беріпті.

Мүсінді жасап шығарған атақты грузиялық сәулетші Тамара Квеситадзе екен. Ол біршама уақытқа созылған туындысын Америкада жасапты.

Айта кететін болсақ, ең алғашында мүсін "Ер және әйел" деп аталынған. Бүгінгі таңда "Курбан Саид" кітабының бас кейіпкерлері саналатын әзірбайжандық жігіт пен грузиялық ханшайымның құрметіне  "Али мен Нино" аталып кетті.

Ең қызығы сол, құрыштан соғылған қос ғашық бір-біріне жақын келіп, біртұтас денеге айналып шыға келеді. 

сурет:gudauritours.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига