Екінші Тәж Махал салынып жатыр

Екінші Тәж Махал салынып жатыр

Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы) ХVII ғасырда Аграда салынған әйгілі мешіт-кесене - Тәж Махалдың көшірмесі салынатын болады. Бұл туралы  BBC News агенттігі хабарлайды.

Жобаның құны 1 млрд. долларды құрайды. Тәж Арабия аталатын кешен түпнұсқадан әлдеқайда үлкен болады. Негізгі құрылыстың айналасында 300 нөмірлік қонақ үй, дүкендер мен коммерциялық ғимараттар бой көтереді. Оған қоса, кешеннің аумағында Эйфель мұнарасы мен Мысыр пирамидаларының және Ұлы Қытай қорғанының көшірмелері салынатын болады.

Нысан 2014 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жобаны іске асырушылардың идеясы бойынша, екінші Тәж-Махал да махабаттың символы болуы тиіс.

Айта кетейік, Тәж Махал ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының нысаны болып табылады

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:  sevenwonders.do.am

У. ҚОСАНБАЙ