Испанияның ең көне қаласы

Испанияның ең көне қаласы
Фото: viajesjmygj.blogspot.com

Испания елінің ең көрікті әрі ең көне жерлерінің бірі – Вила Велла қамалы. Қамал Тосса де Мар қаласында орналасқан. Оның тарихы 1186 жылдан басталады. Ол кезде қалада шіркеу маңы биік-биік қабырғалармен қоршалатын.

Қалаға теңіз қарақшылары шабуыл жасаған кезде Вила Велла қамалы жергілікті тұрғындар үшін ең қауіпсіз жер болып саналды. Осындай қақтығыстардың бірінде қамал соққыға төтеп бере алмай, қатты қираған.

Вила Велла: одна из самых древних крепостей Испании XIV ғасырдың соңында қамалдың алдыңғы шебі толығымен қайта қалпына келтірілді. Сөйтіп Вила Велла қамалы қарапайым жұрттың сеніміне қайта кіріп, қаланы түрлі кесапаттан сақтады. Мысалы, қамал қаланы тек шабуылдан ғана емес, Атлант мұхитынан соғатын желден де қорғаған.

Вила Велла: одна из самых древних крепостей Испании

Қамал өз кезегінде бірнеше қайта құру үрдісін бастан кешті. Оның ең ірісі XIX ғасырда болды. Қамалдың бекініс қабырғалары қандайда бір сырт күштің әсерінен опырыла бастаған. Бірақ кейіннен шеберлер бойда бар барлық білімін пайдаланып, бекіністі қайтадан қалпына келтіріп қана қоймай, оны ары қарай дамытқан.

Қазіргі таңда қамал мұнарасының бірінде көркемөнер мұражайы орныққан. Мұнда аты әлемге әйгілі суретшілердің түрлі бағытта салған картиналары сақталады. Қамалға жақын жерде шағын мейрамхана да бар.

Г. Берік