"Аватар" фильміне арналған ойын-сауық паркі ашылмақ

"Аватар" фильміне арналған ойын-сауық паркі ашылмақ
Фото: vk.com

2017  жылдың жаз мезгілінде  Disney компаниясы жаңа ойын-сауық аймағын ашады. Ол Флорида штатындағы Орландо қаласында орналасқан Disneyʼs Animal Kingdom паркінің бір бөлігінде орын алады. Жаңа аймақ Джеймс Кэмеронның атақты  "Аватар" аталатын фантастикалық фильмінің сарыны бойынша салынып жатыр. Бұл бөлім Pandora: The World of Avatar аталмақ.

Сырт келбеті бойынша Pandora: The World of Avatar фильмдегі фантастикалық флора мен фаунаға сәйкес келеді.

Ендеше, парктің жаңа бөлігінің жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын бірге тамашалайық.

А. Оралқызы