Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Шенген визасы қалай рәсімделеді?

Шенген визасы қалай рәсімделеді?

Шенген визасы қалай рәсімделеді?

1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.

Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.

 ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?

Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.

 Шенген визасын алудың талаптары:

  • Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;
  • Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;
  • Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);
  • Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;
  • Сауалнама толтырылуы тиіс.


Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:

  • Шетелдік құжат;
  • Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;
  • Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;
  • Валюталық шотыңыз туралы анықтама;
  • Әуебилет;
  • 3,5х4,5 фотосурет (2 дана);
  • Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?

  • Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.
  • Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.
  • Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.
  • Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.
  • Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

10261 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 қаңтар 2012, 13:42
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2012, 13:53

Нақтылап оқыңыздар, визаны жасатып көргем, ісі көп...........

+0
25 қаңтар 2012, 09:51

Дұрыс айтасыз. Біраз жұмысы бар. Мен де қазір рәсімдеп жатырмын, құжаттардан бас алмайды екенсің.

+0
20 ақпан 2012, 00:11

Бельгия, Венгрия,Греция, Дания, Испания, Италия,Нидерланд, Норвегия, Франция, Швецияны араласам да жетіп жатыр )))
Енді қаражат жинау керек, ал құжаттармен жүгіру аса қиын емес, оған да шыдаймын.

+0
22 ақпан 2012, 14:33

жақс инфо қыздар/балдар! :)

+0
04 сәуір 2012, 01:38

Сосын мекен жайы туралы мәлімет болуы керек: домовая книга немесе справка о прописке деген сияқты...

Мен Италияға барар алдын құжаттарымды Астанадағы Италияның виза орталығына жіберуге үлгере алмай, Францияның консулдық қызметіне бере салдым.... Прокатило! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Қырынуға арналған көбіктен декоративті қағаз жасау
Қырынуға арналған көбіктен декоративті қағаз жасау

Сыйлықтың сыртын қаптауға арналған қағаздарды қолдан жасау

Анамның құшағын сағынып жүрмін
Анамның құшағын сағынып жүрмін

ҚазҰУға түсіп анамды таптым

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...