Бес жасар бала пианиноның құлағында ойнады (видео)

Бес жасар бала пианиноның құлағында ойнады (видео)

Гонконгтағы бес жасар бала пианинода ойнау өнерімен көпшілікті таң-тамаша қалдырып отыр. Ойнау өз алдына, жылдар бойы қалыптасып қалған кәнігі маман сияқты саусақтары батырмаларда сусып, жылдамдығына көз ілеспейді. Осының өзі-ақ қалың жұртшылықтың таңғалудан қалған санасын қайта оятып, керемет әсер мен қайталанбас күйге бөлеп отыр.

YouTube арқылы көпшілікке жол тартқан бейнебаян жас талантты бар әлемге танымал қылды. Қазірдің өзінде-ақ балпанақтай баланының өнерін жүз мыңдаған көрермен тамашалап, тиісінше комменттерін қалдырып үлгерген. 

Интернет қолданушылардың сөзіне сенсек, кішкентай баланың бойындағы талант өлшеусіз берілген. Кез келген ән туындыларын тиянақты орындай алатын бес жасар баланың өнері адамды еріксіз қуанта да, жылата да алатын сыңайлы. Өзіңіз де мойындарсыз, боямаусыз-бояусыз эмоцияларды қоса білетін балаға кез келген жоғары баға лайықты емес пе?!. 

сурет:internetbudur.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига