Соңғы 2 жылдағы ең ерекше өнертабыстар

Соңғы 2 жылдағы ең ерекше өнертабыстар

Қытайлық "Синьхуа" агенттігі соңғы екі жылдағы жасалып шыққан өнертабыстарды саралап, ең қызық дегендерін таңдап тізіпті. Жаңалықтар өміріміздің түрлі саласын дерлік қамтиды.

ва

1. Каблук. Тайвань университетінің профессоры Джанг Ен Шен әйелдер қауымы үшін алынып-салынатын каблуктар ұсынды. Бұл кісінің жасап шыққан аяқ киімін сатып алған адамға қосымша 10 түрлі каблук сыйға тартылады. Бұл детальдардің әр түрлілігі соншалық, кейбіреуі мұнара пішінінде болса, енді бірі маджонг ойынын ойнауға арналған тастардан жасалып шыққан.

ап

2. Зарядтағыш. Үндістан студенті Канчарла Редди телефондар мен плеерлерді қуаттау үшін адам өкпесінің потенциялын пайдалануды ұсынды. Жаңа өнертабыстың жұмыс жасау принципі мынадай. Адам беліне арнайы датчигі бар белбеу кигізіледі. Өкпемізге ауа толып демалған сайын датчик орын алған тербелісті сезіп, бұл механикалық күш электр энергиясына айналдырылады.

ва

3. Скутер. Британдық механик Колин Фарз әлемдегі ең жылдам скутер жасап шықты. Жаңа көліктің максималды жылдамдығы - 71,5 км/сағ. Айта кетелік, Фарз бұдан бұрын әлемдегі ең ұзын мотоцикл құрастырып шығып елге танылып еді.

ва

4. Қорғаныс капсуласы. Жапон ғалымдары адамзатқа түрлі табиғат апаттарынан сақтануға арналған қорғаныс капсуласын ұсынды. Кез келген жан жер сілкінісі, цунами секілді апат кезінде капсуланың ішіне кіріп, өмірін аман алып қала алады.

ва

5. Сүттен тігілген киім. Өнертабыстың авторы - неміс технологы Анке Домаске. Бұл кісі кәдімгі сүтке арнайы полимер қосып сұйық заттан жіп жасап шығарып, содан түрлі киімдер тігіп жұртшылыққа ұсынды.

ва

6. Көңіл-күй сезгіш. Жапон ғалымдары өз табыстарымен тағы бір қуантты. Зерттеушілер сұхбаттасымыздың көңіл-күйін дөп басып сезіп отыру үшін арнайы датчик ойлап тапты. Құрылғы кәдімгі мысықтың құлағына ұқсайды. Құлақ адам көңіл-күйіне байланысты тікірейіп немесе босаңсып отырады. 

а

7. Ең кішкетнтай автомобиль. Британдық өнертапқыш Пэрри Уоткинс жасап шыққан көліктің кішілігі соншалық ішіне отырған адамның тізесі автоның төбесіне тиіп тұрады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: siamtab.com, innoblog.info, gradremstroy.ru, pozitivchik.info, kotsobaka.ru