Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Үлкен Тұран Құрылтайы

Үлкен Тұран Құрылтайы

Үлкен Тұран Құрылтайы

Тамыздың 11-12 жұлдызында Венгрия елінің Бугац қаласында «Үлкен Тұран Құрылтайы» өтті. Құрылтай Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Бурятия, Дағыстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр, Түркия, Венгрия т.с.с 22 елдің басын қосты.

Шара шымылдығын Венгрия елінің парламентінің вице-спикері Шандор Лежак пен Мадияр Тұран қауымдастығының төрағасы Андраш Биро ашты. Өз сөзінде Шандор Лежак мырза құрылтайдың тарихи-танымдық қана емес, әлеуметтік-мәдени тұстарын айта отырып, игі шараның кең көлемде атап өтілуіне әр кез қолдау білдіретінін айтып қалды. Ал Андраш Биро ғұн-түрік съездінің маңыздылығын алға тартып, келешекте оның өрісінің кеңейе түсетінін айта кетті.

Мадиярлар еліндегі құрылтайда таң сәресінен күн батқанша дейін ашық аспан астында ән мен би, ойын-сауық пен салт-жоралар өткізілді. Жас жігіттер мен қыздар қалың көпшілік алдында қамшымен жосып, ат құлағында ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Құрылтайға жиналған әр делегация мүшесі өз елінің ұлттық киімін киіп, өзгелерді өз ұлысының болмыс-бітімі мен тыныс-тіршілігімен таныстырды. Өз еліміздің делегациясының мүшелері қазақтың ұлттық ойыны көкпарды көрсетіп, жұртшылықтың ерекше қошеметіне бөленді.


Жиырма екі елден келген делегация мүшелері өз өнерлерін ортаға салып, екі күн ішінде 30-дан астам концерт берді. Құрылтайда ел абыройын «Тұран» этно фольклорлы ансамблі асқақтата білді. Мадиярлар жерінде өнер көрсеткен жігіттер кеңінен таныс шығармаларын орындап, екi күн қатарынан үлкен концерт өткізді.

Келген делегациялардың ішінде Бурятия елі бірден көзге түсіп, көпшіліктің назарында болды. Себебі, тек қана әйел азаматтарынан құралған делегация мүшелері құрылтайға арнайы авто жорық ұйымдастырып, Венгрия еліне екi көлікпен келген. «Ғұндар: Бабалар салған жол» деп аталатын авто жорық Улан Удэ қаласынан бастау алған. 48 күн ішінде Бурятия елінің нәзік жандары Иркутск, Абакан, Барнаул, Новосибирск, Қазан, Булгар, Элиста, Днепропетровск қалаларын артқа тастап, Венгрия астанасы Будапешт қаласына табан тіреген. Олардың айтуы бойынша, Құрылтайға қатысу үшін 22 мың қашықтықты құрайтын ұзақ жолдағы қиын қатал сәттерге төзе білген.

Үлкен Тұран Құрылтай аясында тарихшы, оқытушы, ғылыми қызметкерлер, зерттеуші ғалымдар және т.с.с. өзге де делегация мүшелерінің қатысуымен форум өткізілді. Әр қатысушы өз ғылыми баяндамасын оқып, жобаларымен таныстырды.

Құрылтай дәстүрлі от жағып, тәңірге тағзым жасаумен аяқталды. Әр елден келген делегация мүшелері бір-біріне арнайы жасалған сый кәделер тарту етіп, алғыс ризалықтарын білдірді. Әр екі жылда өткізілетін игі шара 2014 жылдың тамыз айында өткізілетін болады деп жоспарлануда.

Венгриядан арнайы Массагеткз үшін: Ғазиза Ұзақ

2390 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 15 тамыз 2012, 06:07
Пікірлер
+0
15 тамыз 2012, 11:34

алға, Қазақстан ))

+0
15 тамыз 2012, 12:36

ана қызды қараңдар!!! :o

+0
20 тамыз 2012, 03:11

Венгрлер түркілер тобына жататынын білмеппін :shock:

+0
31 тамыз 2012, 09:47

Бұл түркітілдес халықтарының құрылтайы емес, Тұран құрылтайы. Венгрлердің арғы аталары көшпенді халық болған. Олар қазіргі Венгрия территориясына біз жақтан барған. Яғни ол уақытта әлі түркі халықтары, монгол халықтары, фин-угор халықтары болып үш тармаққа бөлінбей тұрған кез. Венгрлер аталған тармақтардың үшіншісіне жатады.
Мысалы, Аттиланы олар да өзінің бабасы санайды.

+0
01 қыркүйек 2012, 00:01

мхм түсінікті. рахмет ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...