Марс бетінің панорамасы жасалды

Марс бетінің панорамасы жасалды

Марсоход жерге алғашқы түрлі түсті панорамалық суреттер жіберді. Бұл туралы BBC Russian хабарлады.

Панораманы мына жерден көруге болады: МАРС ПЛАНЕТАСЫ

Суреттер "Кьюриосити" роботына орнатылған кең объективті фотокамераға түсірілген. Кадрда Гейл кратерының орталығында орналасқан биік тау анық көрінеді. Марсоходтың негізгі мақсаты да осы бағытта жүріп отырып, ғалымдар Шарп деп ат қойған шыңдағы тау жыныстарын зерттеп, талдау. Осы туралы Марстан келген суреттерді талдау жұмыстарына жауапты Майк Малин: "Әрбір кадр 144x144 пиксель кеңейтіліммен түсірілген. Барлығы 130 сурет келіп түсті. Осы мозайканы құрастырып, панорама жасап шығу жұмыстары шамамен 1 сағат 6 минут уақытымызды алды. Суреттің бұдан да анық болуы үшін келіп түскен суреттерден 64 есе ауыр ақпарат қажет болады. Сонда панораманың қанықтылығы 8 есе артар еді. Дегенмен біз жасап шыққан панорама да біршама қызықты және көз салған жұртты елең еткізеді", - деді.

ва

Келіп түскен суреттердің аздаған редакциядан өткендігін де айта кетелік. Мәселен фотоларды жарықтандыру эффектісі қолданған. Жоғарғы сападағы фотосуреттер марсоходта орналасқан "Mastcam" камерасында сақтаулы. Әрбір суреттің ауырлығы 4 мегабайт шамасында. Роботта фокустық ара-қашықтығы 34 миллиметр болатын тағы бір камераның да бар екендігін де айта кетелік. Екі құрылғы бір уақытта жұмыс жасап, параллель түрде ақпарат жібере алады. Ғалымдар түскен фотосуреттер Марс планетасындағы жұмыс жоспарын құруға көмек болады деп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ria.ru