Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Армандар жүзеге асатын "ақ түндер"

Армандар жүзеге асатын "ақ түндер"

Армандар жүзеге асатын

Ресейдің ең көрікті қалаларының бірі - Санкт-Петербург ел аузында бірнеше атауларға ие. Қаланы каналдары мен өзендерінің молдығына қарап Солтүстік Венеция, қайталанбас сұлулығы үшін Солтүстік Пальмир, ал 200 жылдан астам уақыт бойы Ресей астанасы қызметін атқарғандықтан Солтүстік Астана деп те атайды. Көпшілік қауымның Санкт-Петербургты көбіне «Ақ түндердің қаласы» деп атап жатқандығын байқаймыз.

Нақ осы ақ түндер кезеңінде Петербург тамаша романтикалық күйге бөленеді. Және сол ақ түндердің куәгері болған қала қонақтары арман жетегіне еріп, қиял құсымен қанат қағып, мәңгі естен кетпес әсерде қалады. Түннің сәніне сән қосып тұратын атақаты ансамбльдер, сарайлар, шіркеулер, көпірлер, ескерткіштер сізді тамсандырып қана қоймай, сол сәтте бүкіл армандарыңыз орындалып кететіндей ғажап күйге ендіреді.

Ақ түндер – әлемнің көптеген қалаларында тамшаланатын, кең таралған табиғи құбылыс. Ақ түндерді Ресейдің басқа да Сургут,Череповец, Вологда, Петрозаводск, Архангельск, Мурманск сынды қалаларынан тамашалауға болады. Көркем әдебиеттің арқасында аталған қалалардың арасында тек Санкт-Петербург қана «Ақ түндер қаласы» деген атауды иемденді. Бұл жерде А.С.ПушкинніңН.Агнивцевтің поэзиясын және Ф.М.Достоевскийдің «Ақ түндер» атты повестін еске түсіру жетіп жатыр.

Петербургтегі ақ түндердің басталатын маусымы 25-26 мамырмен тұспа-тұс келеді. Дәл осы кезде кешкі ымырт пен таңғы шапақпен жалғасады да сіз асыға күткен құбылысты тамашалау мүмкіндігін тарту етеді.. 21-22 маусым күндері күннің ұзақтығы 18 сағат 53 минутқа жетіп, ең жарық мезгіл туады. Ақ түндердің мәресіне жететін уақыты – 16-17 шілдеге сай келеді.

Санкт-Петербургтегі осы аңызға айналған ақ түндердің құрметіне көптеген думанды мерекелер мен қызықты фестивальдар ұйымдастырылып тұрады. Ең қызықтысы әрі ең ерекшесі – «Алқызыл желкендер» мерекесі. «Алқызыл желкендерді» атап өту дәстүрі 2005 жылы пайда болған.

Сол жылдардан бері «Алқызыл желкендер» мерекесі тек қала немесе мемлекет тұрғындары үшін ғана емес, халықаралық деңгейде атап өтілетін Санкт-Петербургтің визитті карточкасы саналатын аса танымал мерекеге айналып үлгерді.

Мерекенің көрермені атану үшін жыл сайын мұнда 3 миллионнан аса халық жиналатын көрінеді.

Суреттер: spbtur.ru,water-ticket.ru,spb-palaces.narod.ru,caravaners-club.ru,piterspb.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2214 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 тамыз 2012, 15:06
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...