Адольф Гитлер: "Артық салмақтан арыл!"

Адольф Гитлер: "Артық салмақтан арыл!"

Соңғы жылдары ұлтшыл Адольф Гитлер образы жарнамаға қолданылып жүр. 

Түркияда ерлерге арналған сусабын жарнамасына Гитлер "түсіп", нәтижесінде ол Түркияда тұратын еврей тұрғындарының наразылығын туғызған еді. Жарнамада Гитлердің сөз сөйлеп тұрған сәті пайдаланылып, ол жарнамаға сай былай деп айтылады: "Егер сен әйелдер киімін кимесең, әйелдер сусабынын пайдаланба. Міне, мынаны ал. Нағыз еркектер осы сусабынды қолданады". Гитлердің сусабынды жарнамалауына қарсы шыққандар: "Сусабынды сату үшін алты миллион еврей мен миллиондаған басқа халықтардың өліміне жауапты болған Гитлер образын қолдану жиіркенішті де қайғылы тәсіл. Бұл сол замандарда қаза тапқандарды да, ұлтшылдықты жеңу үшін күресіп тірі қалғандарды да қорлау",- деп дабыл қаққан еді.

Дегенмен Гитлерді жарнамада қолдану үрдісі бұнымен тоқтап қалған жоқ. Дубайдағы The Circuit Factory фитнес-орталығы сайттарына Освенцимдегі өлім лагерінің суретін жариялап, астына: "Артық салмақтан арыл!" деген жарнамалық ұран жазды. Нәтижесінде Hitler атты бренд пайда болып, саудагерлердің жұмысы қыза түсті. 

Ақша ақшасымен, пайда пайдасымен. Ал Түркияның еврейлерімен мүдделес топ: " Сайқымазақ та, модельер де, дизайнер де емес, қандықол ұлтшылды жарнамалау кімге пайдалы?" деген сұраққа бас қатырып әлек. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: sinagoga.kiev.ua, bbc.co.uk

М. Оңғарова