Саяхат кезіндегі денсаулық күтімі

Саяхат кезіндегі денсаулық күтімі

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн.

Көптен күткен кезекті демалысыңызды шетелде өткізуді жоспарлап, жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңіздің күтіңіз.

Әуежай, вокзал, қонақүй, көлік, ұшақ т.с.с халық көп шоғырланған ортада барынша сақ болған жөн. Ауа арқылы таралатын түрлі вирустардың салдарынан адам жұқпалы ауруларға душар болады. Сол үшін саяхат алдында сақтық шараларына назар аударыңыз.

Саяхатқа шықпас бұрын

Саяхат кезінде

  • Беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Бей-берекет айналаңыздағы заттарды ұстап, қолыңызға кір тигізбеңіз.
  • Бактерияға қарсы сабындардың пайдасы көп болмағанменен, саяхат кезінде оны пайдалануға болады. Дәріханадан антибактериальды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге қарамайлы сабынның кішкентай бөлігін алып жүріңіз.
  • Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн.
  • Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз. Көшеден, базардан ас-ауқат сатып алмаған абзал.
  • Өзіңізбен бірге міндетті түрде қажетті дәрі-дәрмектер, маса, ара, шыбын-шіркейдің шағуына қарсы майлар, ылғалды сүлгілер, бас киім, көзілдірік, крем, сусабын, тіс пастасы мен щеткасын, дәкі мен қайшы алып жүріңіз.

Сапарыңыз сәтті болғай!

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: health.passion.ru, ampravda.ru

Ғ. Ұзақ