Әлемнің ең үздік мұражайлары

Әлемнің ең үздік мұражайлары

"Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі - мұражайлар. Осы орайда назарларыңызға әлемнің ең үздік әрі ең үлкен мұражайларын ұсынамыз.

Лувр (Париж, Франция)

Лувр – қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп жиналатын Францияның ұлттық мұражайы. Сонымен қатар Лувр Еуропадағы ең тұңғыш мұражай болып табылады. Мұражай Сенаның оң жақ жағалауында, Париждың орталығында орналасқан.

Луврдың негізі ғимараты ХІІ ғасырда тұрғызылған Франция королі ІІ Августтың қамалы болып табылады. Ал мұражайдың ашылуы Француз революциясы етек алған тұсқа, яғни 1793 жылмен тұспа-тұс келеді. Луврдың ең танымал құндылықтары ретінде – Леонардо да Винчидің Мона Лизасын, көнегректік Венера Милосская мен Ника Самофракийская мүсіндерін атап өтуге болады

Ұлттық өнер галереясы (Вашингтон, АҚШ)

Бұл көркемөнер мұражайы Вашингтон қаласының Ұлттық саяжолында орналасқан. Аталған галереяда әлемдегі ең үздік еуропалық және америкалық шеберлердің туындылары жинақталған. Мұнда суреттер, графикалар, мүсіндер, акварельдер, фотосуреттер, фарфор және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жалықпастан тамашалуға болады.

Уффици галереясы (Флоренция, Италия)


Әлемнің ең таңдаулы әрі ең үлкен көркем сурет және мүсін мұражайы Флоренцияның Уффици алаңында орын тепкен. Мұражайдың суреттер коллекциясы Джотто, Симона Мартини, Леонардо да Винчи, Рафаэлия, Микеланджело және Караваджо сынды әлем мойындаған тұлғалардың туындыларымен толықтырылған. Сондай-ақ, Дюрер, Рембрандт және Рубенс секілді неміс, голланд шеберлерінің жұмыстары қойылған.

Эрмитаж (Санкт-Петербург, Ресей)

Мемлекеттік Эрмитаж – әлемнің ең үлкен мұражайларының бірі әрі бірегейі. Мұражайға әлем мәдениетінің үш миллионға жуық өнер туындылары мен ескерткіштері қойылған. Мұражай 1764 жылы құрылған. Эрмитаждың негізін қалаушы ІІ Екатерина болып саналады. Эрмитаж коллекциясының құрамында: көркем сурет, графика, мүсін және қолданбалы өнер бұйымдары, археологиялық ескерткіштер, нумизматикалық заттар, асыл тастар жетерлік.

Египет мұражайы (Каир, Египет)

Египет мұражайында көнеегипет өнерінің әлемдегі ең көлемді топтамасы жинақталған. Мұражай тарихы 1835 жылдан басталады. Ал мұражайдың классикалық стильдегі қазіргі ғимараты француз сәулетшісі Марсель Дюнонның жобасы бойынша 1900 жылы тұрғызылған. Мұражайда сонау Грек-Роман кезеңінен бергі өнер туындыларының 120000 үлгісі қойылған.

Ватикан мұражайы (Ватикан, Италия)


Ватикан мұражайы – әлемдегі ең үлкен мұражайлардың кешені. Мұражайда 1400 зал бар және онда қойылған 50000 затты көріп шығу үшін 7 км жерді жүріп өту керек екен.

Суреттер: liveparty.ru,parismuseum.ru,fotoblogger.ru,ote4estvo.ru,rutraveller.ru,grandbears.by

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева