Махаббат қабырғасы

Махаббат қабырғасы

Париж – өне бойы тарихтың соқтықпалы-соқпақсыз жолдарымен, таңғажайып өнер, қайталанбас сән, әскери өмір, кафелермен және әрине романтикамен тоқылған сұлу қала. Бұл қаладағы романтикалық бұрыштарды санап алу мүмкін емес нәрсе, дегенмен, әркім өзінің жанымен үндес, жалғыз әрі қайталанбас махаббат бұрышын таба алады. Махаббат бұрышы туралы бұрын да әңгімелей кеткенбіз, ал бүгін осы бір ерекше мекенге кеңінен тоқталып өтеміз. 

Парижды көпшілік қауым «махаббат қаласы» деп атап жатады, ғасырлар бойы қала өз бойына талай-талай махаббат хикаяларын жинақтап, ал оның әрбір тастан соғылған қабырғасы миллиондаған ғашықтардың жүрек құпиясын сақтап келеді.

Атышулы ХХІ ғасырдың төрлеткенін тойлау мерекесі барысында аталған қалада 2000 жылдың 15 қазанында «Махаббат қабырғасы» пайда болды.

40 шаршы метрлік ғимараттың қара көк түсті фонында ақ әріптермен әлемнің 311 тілінде махаббат сезімін білдіретін сөздер жазылған. Мұнда тіпті соқырларға арналған Брайля әріптері мен таңбалар тілі де бар.

Кез келген пенде өзінің ана тілінде «Мен сені сүйемін» деген сөзді оқи алады.

Қабырға жергілікті саудагерлердің бастамасымен безендірілген. Ал жұмысты орындағандар Даниэль Булон, Фредерик Барон және Клэр Кит есімді суретшілер болып табылады.

«Махаббат қабырғасы» - аз уақыттың ішінде Париждің туристер мен қала қонақтарына мақтанышпен көрсететін жаңа замандағы жаңа құндылығына айналып кетті.

Жыл сайын «Ғашықтар күнінде» дәл осы қабырға алдында ақ көгершіндерді ұшыру салтанаты өткізіледі. Және сіз бұл жерде жылдың қай күнінде болмасын қаланың  қарбалас тіршілігінен бір сәт алыстап, мамыражай тыныштық пен құстардың әсем әнінен ләззат ала аласыз.

Суреттер:vk.com,aksamit.by,tyurev.livejournal.com

Дайындаған: Айгерим Сматуллаева