Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жатақхана, неткен киелі едің!

Жатақхана, неткен киелі едің!

Жатақхана, неткен киелі едің!

Студенттің қызық пен шыжыққа толы өмірінің бөлігі осы жатақханада өтетіндіктен, көп адамдар студенттік шақты еске алғанда, жатақхананы да қоса еске түсіреді. Сондықтан, бүгін біз сіздерді әлемдегі ең әдемі жатақханамен таныстырмақпыз. Ол да жатақхана болғандықтан, оның іші де қызық пен күлкіге (әрине қайғыға да) толы болатыны сөзсіз. 

Мұндай кереметті "Жатақхана" деуге қимайсыз. Студенттерге арналған бұл жатақхана Копенгаген қаласының жаңа ауданы Орестада орналасқан және оған Тиетген студенттер қалашығы аты берілген. 

Ғимарат құрылысы 2006 жылы аяқталған. Жеті қабаттан тұратын зәулім ғимаратқа 360 бөлме қамтылған. Ол 26 800 шаршы метр жерді алып жатыр. Ерекше студенттер үйінің дөңгелек формада болуының өзі жайдан-жай емес. Ол жай ғана - теңдік пен бірліктің символы. 

Ғимараттың цилиндрлік формасы визуалды және фунционалды түрде ғимаратты бірнеше бөлікке бөліп, орталық аулаға шыға алатын шексіз өткел болып саналатын 5 тік жолмен қиылыстырған.

Жатақхана емен және қызыл жезбен қапталған. 360 бөлме терезелерінің барлығы сыртқа немесе ғимараттың ішкі ауласына қарайды. 

Жатақханада тұратын әрбір студентке асхананың маңызды рөл атқаратыны бәрімізге мәлім. Соған орай жоба жетекшілері студенттерді кең 30 асүймен қамтамасыз еткен. Әрбір асүй - 12 бөлме тұрғындарына арналған. Асүйде 4 мұздатқыш, 2 газ плитасы сондай-ақ ас әзірлеуге қажетті барлық құрал бар. Сонымен қатар, оқу залы мен компьютер бөлмесі де бар.

Жатақханадағы әр бөлменің кеңдігі 26-33 шаршы метрді құрайды. Әр бөлмеде еден жылытуы бар жеке жуыну бөлмелері бар. Бірінші қабат түгелдей дерлік кір жуу, велосипед тұрақтары секілді бөлмелерге бөлінген. Жатақханада Копенгагенге білім алуға келген шетел азаматтарына 60 бөлме берілген. 

Сонымен қатар, жатақханада студенттердің спортпен шұғылдануларына да барлық жағдай жасалған. Студенттер жатақхана қабырғасында баскетбол, үстел теннисін ойнай алады. Және де студенттердің демалулары үшін демалыс террасслары мен музыка бөлмелері бар. 

Жатақхана көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Соның бірі "ең жақсы студенттер үйі". 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: fresher.ru

7572 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 31 шілде 2012, 14:58
Пікірлер
+0
31 шілде 2012, 14:38

расымен мыналарды жатақхана деуге қимайсың ғой

+0
31 шілде 2012, 14:42

:) Әдемісі әдемі, бірақ, менің он жетінші жатақханам бұдан да әдемі! "Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу" (с) ;)

+0
31 шілде 2012, 14:45

иә, 17 жатақханалардың ең "жындысы" ғой))

+0
31 шілде 2012, 14:50

Керемет!

+0
31 шілде 2012, 14:51

Мынау жатақхана емес,құдды бір қонақүй сияқты ғой)) Бар жағдай жасалған.

+0
31 шілде 2012, 14:53

Негізі, жатақхана өмірі деген мұндай жайбарақат емес, керісінше, у-шу, бір-бірінің бөлмесіне барып шай ішу, нан сұрау, терезеден кіру сияқты оқиғаларымен қызықты ғой)

+0
31 шілде 2012, 14:56

иә, кең сарайдай жатақтың қажеті не? Іші тым-тырыс, өзімен-өзі жүрген студенттер... Қызықсыз ғой былай! Жатақхана тұрмысы сутденттің қалтасына сай болады ғой енди

+0
31 шілде 2012, 14:59

жатақханадағы тұрмыстың шамалы қиын болғаны да дұрыс, көп сабақ аласың, қиындыққа төзуді үйреніп шығасың, ал мұнда тұрып...Дегенмен, әдемі екен!

+0
31 шілде 2012, 16:49

машаАллах әдемі салынған екен. Барлық жағдай жасалған.

+0
31 шілде 2012, 17:06

:o мынау студенттер үшін "бес жұлдызды" қонақ үймен бірдейғой! ғажап! :!: :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...