Дубайдағы ең қымбат пәтер сатылымға шығарылды

Дубайдағы ең қымбат пәтер сатылымға шығарылды
Фото: kaz.tengrinews.kz

Дубайдағы құны 48 миллион доллар болатын ең қымбат пәтер сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Caters News Agency

Үлкен бассейні, спа-орталығы, сегіз жатын бөлмесі (әр бөлменің балконынан керемет көріністі тамашалауға болады), 12 автомобильге арналған көлікжайы бар пәтер жасанды аралдағы One Palm Jumeirah мұнарасының 25-ші қабатында орналасқан. Апартаменттің көлемі 4 мың шаршы метр. Қазір үйде құрылыс жұмыстары аяқталмағандықтан, оны тек 2017 жылдан бастап пайдалануға болады.

Пентхауста ас дайындайтын арнайы бөлмелер болады. Мұнда барбекю үшін де арнайы аймақ қарастырылған. Сонымен қатар, ғимаратта кинотеатр, спорт залы және сұлулық салоны болады.

Дереккөз: kaz.tengrinews

Н. Нұрмаханұлы