Гренландиядан алып айсберг бөлінді

Гренландиядан алып айсберг бөлінді

Гренландия аралының солтүстік батысында орналасқан Петерманн мұздығынан алып айсберг бөлініп шықты. Айсбергтің ауданы 100 шаршы километр. Бұл туралы BBC News хабарлады.

NASA-ның спутнигінің дүйсенбі күні түсірген фотосуретіне көз салар болсаңыз, мұздық бетінің жарты ай пішінінде жарылғандығын анық байқауға болады. Айта кетелік, аталған мұздықтан 2010 жылы да алып, ауданы 250 шаршы километрлік айсберг бөлініп шыққан болатын.

Бұндай құбылыстар табиғатта жиі кездеседі. Алайда Петермандағы бөлінулердің масштабы ғалымдар үшін үлкен жаңалық болды. Осы орайда NASA-ның өкілі Эрик Рино: "Бұны апат деп айтуға келмейді. Керісінше бұл оқиға ғалымдар үшін табиғаттағы орын алып жатқан құбылыстардың бір белгісі", - деді.

см

Әлем картасы. Гренландия

ыв

Гренландия аралы ғарыштан

Дегенмен басқа ғалымдар бұл құбылысты жақсылыққа жорымайды. Мәселен Делавэр униеверситетінің профессоры Андреас Мюнхов мұздық соңғы 150 жылда болмаған метаморфоз құбылысын бастан кешіріп жатыр деген пікір айтты.

Әйтсе де, бұндай көлемдегі айсбергтің бөлінуі мұхит деңгейіне әсер етпейді деп есептейді ғалымдар. 

Айта кетелік, осы мұздықтан бөлінген кішігірім айсбергтер Канададағы Ньюфаундленд аралының жағасына дейін жетіп, кеме қозғалысына қауіп келтірген оқиғалар көп болған.

Американың мұхит пен атмосфера бойынша ұлттық админстрациясының мәліметі бойынша, осы жылы орын алған жоғары температура соңғы 150 жылда болып көрмеген.

 Мұздықтан айсбергтің бөлінуіне байланысты BBC арнасының сюжеті

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dailymail.co.uk