Жылан көше

Жылан көше
Фото: vk.com

Калифорнияның Сан-Франциско қаласының мына бір көшесі – туристер жиі келетін мекен. «Әлемдегі ең бұралаң көше» атанған Ломбард-стриттің ұзындығы – 400 метр. Бір ғана бағытта қозғалуға мүмкіндік беретін көшемен жүріп өту үшін 8 рет шұғыл бұрылу керек. Көшенің жан-жағында көздің жауын алатын түрлі өсімдік өсіп тұр.

Ломбард-стритті салған құрылысшылар көшенің тым еңістігін, еңіс болғандықтан жүруге туғызатын қаупін ескеріп, осындай шешімге келген. Көшеден көліктің үлкен жылдамдықпен жүріп өтуіне тыйым салынған. Бұл тұрғыда жылан сияқты ирелеңдеп жатқан бұралаң көше бір оқпен екі қоян атқан тәрізді. 

М. Оңғарова