Саяхатты ұнатсаңыз, мына мамандықтарды таңдаңыз

Саяхатты ұнатсаңыз, мына мамандықтарды таңдаңыз
Фото: ca-c.org

Егер сіз саяхатты қатты ұнатсаңыз, жүрек қалауыңызға сай мамандық таңдай аласыз.

1. Журналист. Журналистің бәрі бірдей саяхатқа шығады дей алмаймыз, күні бойы кеңседе отыратындар да бар. Бірақ жолыңыз болса, әлемді аралап, қызықты адамдармен таныса аласыз. Журналист мамандығы арқылы жұмысқа керек материалдарды жинау үшін шетелге шығуға болады. 

2. Фотограф. Әлемді аралап, суретке түсіріп ақша табатын фотографтар санаулы ғана. Олар нағыз дарындар деуге болады. Егер бойымда фотоға түсіру дарыны бар десеңіз, осы мамандықты таңдай аласыз. 

3. Ұшақ қызметкерлері. Ұшақта қызмет ету екінің бірінің маңдайына жазыла бермейді. Жолыңыз болып кетсе, әлемді аралау үшін бұл - таптырмас мамандық. 

4. Гид. Саяхатшыларға жол нұсқап, олармен бірге еріп жүретін гидтер бірнеше тіл білетін, өте білімді маман болуы керек. Сонда ғана сүйікті мамандығыңыз арқылы ақша тауып, әлемге тегін саяхаттауға мүмкіндік аласыз. 

М. Оңғарова