Color Jam - әлемдегі ең жарқын көше қиылысы

Color Jam - әлемдегі ең жарқын көше қиылысы

Әлемнің көп қаланың өзіндік бренді қалыптаспағаны түсінікті. Алайда бұл сөз Чикого қаласына қатысты емес. Алып мегаполис өзінің зәулім ғимараттарымен, әдемі көшелерімен және де түрлі-түсті Color Jam секілді арт-жобаларымен ерекше. Бұл жоба жақын арада қала орталығындағы қиылыстардың бірінде орын алып үлгерді. 

Аталған Color Jam инсталляциясын Джессико Стокхолдер атты суретші жасаған. 

Color Jam - бұл Джессика Стокхолдердің өнер туындысына айналдырған қала көшесінің қиылысы. Туынды авторы қиылыстың әр түрлі бөлігін түрлі түске бояған, сонымен қатар үй бұрыштарын сол палитрадағы үлкен матамен қаптаған екен. 

Осы қиылыстан өткен автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жарқын түстерге толы алып мольбертке назар салып, қызыққа батуда. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM