Әлемдегі ең ұзын шаштың иегерлері

Әлемдегі ең ұзын шаштың иегерлері

«Сұлулық – сұмдық күш». Бұл мәтел ең бірінші жаратылысы нәзік әйел затына қатысты айтылған. Ал, шаш – сол сұлулықтың негізі, нәзік жандардың ақша жүзінің өңін кіргізіп, ажарындағы әдемілікті айқындай түсетін құндылықтарының бірі. Алайда, бұрынғымызға қарағанда, бүгінде қыз-келіншектеріміздің шаштары әлдеқайда қысқарған. Дей тұрғанмен сәндеріне сән қосып, шаштарын өсіріп, «қолаң шашты ару», «бұрымды бикеш» атанып жүрген қыздарымыз арамызда жоқ емес.

Сіздің әлемдегі ең ұзын шаштардың иегерлерінің кім екендігін білгіңіз келе ме? Бізбен бірге болыңыз.

Ең қызығы әлемдегі ең ұзын шаштың иесі әйел емес, ер адам екен. Алпыс жеті жастағы Тран Ван Хай Вьетнам тұрғыны. Шашының ұзындығы 6 метрді құрайды. Тран Ван Хай шашын соңғы рет отыз бір жасында қысқартқан екен. Тілшілірге берген сұхбатында ол шашын жумағанына алты жыл болғандығын мойындаған. Ол шаштары кедергі жасамас үшін оларды айналасына шырмап немесе, басының төбесіне шәлі тәрізді орап қояды екен. Бір қарағанда оның шашы киізді еске түсіреді. Ван Хай емшілікпен айналысады және ауру-сырқауға шалдыққан кез-келген адамды өз үйінде қабылдайтын көрінеді.

Ал екінші орынды – тайландтық Ху Сатео иеленіп тұр. Ху Сатео 2001 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған. Оның шашының ұзындығы – 5,79 метрді құраған.

Ал әйелдер қауымына тоқталар болсақ, ең ұзын шаштың иегері – қытайлық Кси Квипинг. Қытайлық арудың шашының ұзындығы – 5,63 метр. Ол шашын 1973 жылдан (13 жасынан) бері өсіретін көрінеді.

 

Суреттер: zapozitiv.ne,uscgyekat.ur.ru

Дайындаған: Ақерке Әбілхан