Аспалы неке сарайы

Аспалы неке сарайы

2012 жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында "Живопис" көпірінде неке сарайы іске қосылатын болады. Осы бір салтанатты кешке қалалық қордан 650 миллион теңге бөлінбек. 

Күні ерте бұрын көпірдің аспалы құрылымына қала күніне орай мейрамхана ашу ойда болатын. Алайда, қалалық әкімшілік ақылдаса келе, шынылы эллипсоидке аспалы неке сарайын тұрғызуды жөн деп тауыпты.

"Живопис" көпірінің аспалы құрылымын пайдалану күні бұрын әңгіме-талқы болып келген-ді. Қаланың бұрынғы қала әкімі  Юрий Лужков кафе, ол болмаса сынақ алаңын тұрғызу жөнінде кезінде әңгіме қылып кеткен болатын. Содан 2009 жылы құрылыстың аяқталуына бір ай қалғанда нақты бір шешімге бір ауыздан тоқталыпты.

Сыншылар қауымы болса, күні бұрын "тәрелкеден" келетін (сырттан қарағанда тәрелкеге ұқсайды) қауіпті ескертіп отыр. Олардың ойынша, жүргіншілер жаққа "тәрелке" түсіп кетуі әбден мүмкін.

Сосын ең басты шешімін таппай отырған мәселе - дәретхана мәселесі болып отыр.

Сурет:blog.7ya.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига