Жапонияда оқып жүрген қазақ жастары жаңа жоба бастады

Жапонияда оқып жүрген қазақ жастары жаңа жоба бастады

Қазірде әлемнің түкпір-түкпірінде қазақстандық студенттер оқып жатыр. Олар өзіндік диаспора құрып, патриоттық рухты дамытып, Қазақстанның атын танымал етуге өзінше атсалысуда. Солардың бірі Жапонияда оқып жүрген Сымбат, Айдана, Сонти есімді студенттер.

"Массагет сайтының оқырмандарына Жапониядан жалынды сәлем! Біз ҚазҰУ-дың студенттеріміз, есіміміз - Сымбат, Сонти, Айдана. Қазір Жапонияның Цукуба университетінде білім алып жатырмыз. Осында оқитын бір жылымызды барынша тиімді етіп өткізу үшін, Жапония туралы видеоблог жүргізуді бастадық. Сіздер біздің видеоблогымыздан студенттік өмір, саяхат, жапон мәдениеті, жапондармен сұхбат секілді видеоматериалдар көре аласыздар. Таңғажайып жапон елі жайлы көбірек білгілеріңіз келсе, сіздерді өз арнамызда күтеміз", - дейді олар.

Арулардың алғашқы видеоблогын тамашалаңыздар:

Отандастарымыздың бастамасын қолдайық, ағайын!

Сурет, видео: Сымбат Балтабекова

Ф. Абилова