3D суреттерінің интерактивті көрмесі

3D суреттерінің интерактивті көрмесі

Бүгін сіздердің назарларыңызға танымал суретші Ай Вэйвэйдің қолынан шыққан 3D суреттерінің интерактивті көрмесін ұсынамыз. Аталған көрме Қытайдың Цзилинь провинциясында өтіп отыр. Иә, 3D иллюзиялары ең алғаш асфальттан басталған-ды. Енді міне араға көп уақыт салмай жатып-ақ көлденең, вертикальді бағытта дамып, қарыштап бара жатыр.


Біз білетіндей, Ай Вэйвэй 1970 жылдары кино мектебінде оқыған. Болашақ танымал суретшінің сол кездегі достары Чен Кайге мен Чжан Имоу секілді кино жұлдыздары болатын.

Тағы бір айта кетерлігі осы бір талантты суретші Қытайда орын алып жататын саясаттағы келеңсіздіктерді суретке түсіремін деп ел ішінде біраз сынға ұшыраған. Соған қарамастан заманауи, нәзік те астарлы суреттерді салудан қалыс қалып келген емес.


Сонымен қатар Ай Вэйвэй  «Xing Xing» немесе «Жұлдыздар» деп аталатын суретшілерден құралған топтың жетекшісі.

Сурет:svpressa.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига