Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Тайланд - таңғажайыптар мекені

Тайланд - таңғажайыптар мекені

Тайланд - таңғажайыптар мекені

Тайланд – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан, оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен шекараласатын шағын мемлекет. Астанасы – Бангок қаласы. 12 млн-ға жуық тұрғыны бар қалада мемлекеттің ең үлкен ойын-сауық орталығы саналатын патша сарайы тұрғызылған.

Тайланд – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристердің әйгілі демалыс орны, мыңдаған ғибадатханалардың шаһары. Тайланд жағалауларында көптеген шипажайлар орналасқан. Оның ішінде Банкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды шипажайлар болып табылады.

Мұндағы тіл үйірер дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да қонақтарды қызықтырып, өзіне еріксіз тартады.

Жұмбақ Сиам, тұрғындарының ақ көңілділігі мен қонақжайлылығы, ғибадатханалардағы қайталанбас сәулет үлгілері, ұшы-қиыры жоқ, көз тартар  жағалаулары, шуақты күндердің басымдылығы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары мемлекеттің негізгі ерекшеліктері десек, артық айтқандық емес. Тайланд әсемдігі шексіз заңғар таулар мен мөлдір сулы өзендерге, арасында адам жүре алмайтын джунглилерге, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктерге бай.

Мемлекеттік тілі – тай тілі, мемлекеттік  діні  - будда діні.  Халықтың  93%-ы будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Король конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.

Тропикалық және субэкваторлық климат Тайландқа тән. Бір жылда үш маусым бар. Ең жаңбырлы маусым- мамырдан немесе маусымның орта кезеңінен басталып қазанға дейін созылады. 

Ауа температурасының ең суық кезі – желтоқсан және ақпан айлары, күндіз +25°С болса, түнде нөл градусқа жақындайды. Ал ең жоғары темпертураға тап боламын десеңіз, онда сіз үшін ең ыңғайлы маусым - сәуір айы болмақ ( +40°С ).

Суреттер: vdorogu.ru, rustur-travel.ru, ice-nut.ru, latonatour.ru

 Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3147 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 маусым 2012, 13:40
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 17:54

керемет жер! Бірақ барғым келмейді...

+0
09 маусым 2012, 14:01

мммммммм арамандағанна басқа амал жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...