Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Петронас Мұнаралары

Петронас Мұнаралары

Петронас мұнаралары – Малайзия астанасы Куала-Лумпурде орналасқан аспанмен таласқан 88 қабатты биік ғимарат. Мұнаралардың биіктігі 450 метрден асады. Атақты ғимарат ислам стилінде тұрғызылған, пішінінің үлгісін Малайзия премьер-министрі Махатхир Мухаммедтің өзі ұсынған. Петронас мұнараларының құрылысы 6 жылға созылған.

Бүгінгі күні көк тіреген зеңгір үйдің ішінде әр түрлі мақсатта пайдаланылатын кеңселер, көрмелер мен конференциялар өткізілетін залдар және сурет галереялары орын тепкен.

Петронастың тұрғызылуына кеткен қаржы көлемі 800 млн долларды құрайды. Қаржының басым бөлігін Мұнараның есімі берілген мемлекеттік мұнай компаниясы бөлген. Ал майда-шүйде шығындарды бүгінде ғимараттағы кеңселерге иелік етіп отырған басқа фирмалар көтерді. Мұнараларды бір-бірімен ұзын өткелдер жалғап тұр.

Мұнараларда 10 мың адам жұмыс істейді, олардың кейбірі осында өмір сүреді. Айта кететін тағы бір қызықты жағдай, Петронас Мұнараларының терезесін жуу үшін қызметкерлердің бір айдан астам уақыты кетеді екен.

Құрылыстың негізгі материалы – мықтылығы жағынан болатпен салыстыруға әбден болатын жеңіл бетон. Өйткені болат Малайзия үшін тым қымбат материал. Осының әсерінен Мұнаралар басқа ғимарттардан екі есе ауыр.

 

Суреттер: venividi.ru, seetheworld.ru, bharian.ru

2148 10
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 маусым 2012, 07:44
Пікірлер
+0
06 маусым 2012, 08:07

Малай елі мықты ;) Биік қандай...

+0
06 маусым 2012, 09:04

Қалай қарап тұрасың, сүйіп қалмай?
:)

+0
06 маусым 2012, 09:24

Ұшарына ақша бұлт ұйықтардай :)

+0
06 маусым 2012, 10:09

Құстары да тым құштар бұл Петронас -
Мың жыл ішке сыр бүккен тұйық талдай!

+0
06 маусым 2012, 09:37

Тегеурінмен тірескен иықтардай :D

+0
06 маусым 2012, 13:42

Бір өзіне бар елді ұйытқандай :D

+0
06 маусым 2012, 13:55

10 мың адам таеңертең жұмысқа келгенде қалай болады екен?))))

+0
07 маусым 2012, 10:23

Барахолка болатын шығар!)))))) :lol:

+0
10 маусым 2012, 11:00

әдемі :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...