Португалияның ауылдары қандай?

Португалияның ауылдары қандай?

Монсанто – Португалия еліндегі ең ежелгі ауыл. Ол өзінің көне архитектуралық қалпын сақтап қалған. Ауыл тұрғындары үйлерін таудан сырғып түскен алып тастарға тақап салған.

Monc Sanctus» немесе «Қасиетті тау» деп аталатын төмпешіктер жеті жүз метрге дейін созылып жатыр. 

Аймақта Рим, Араб және Вестготтар жасаған шабуылдың белгілері көптеп табылған. 1165 жылы король Афонсо Энрикес Монсантоны маврлардан аман сақтап қалған. Одан кейін тамплиер монахтары бұл жерге нығайтылған қамал тұрғызады. Қамал қалдықтары тау төмпешіктерінде анық байқалады.

Мейрам кездері қамал алаңында бишілер мен сайқымазақтар сауық кешін ұйымдастырып халықтың көңілін көтереді. Монсантода қоғамдық көлік мүлдем жүрмейді. Ауыл Idanha-a-Hoba қаласынан 12 шақырым, ал испаниялық  Саламанка қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан.

Оқи отырыңыз: 

Жапонияның киелі мекені

Тау басына тізерлеген обсерватория туралы

Күніне екі мәрте суға кететін көлік жолы туралы білесіз бе?

АҚШ президенттерінің билік басына келгеннен бергі өзгерістері

Сурет: www.exomapia

Н. Нұрмаханұлы