Кения - ғажайып мекен

Кения - ғажайып мекен

Кения расында таңғажайып мекен. Бұл елдің табиғаты жабайы, тіпті, кең далаларында адам аяғы мүлдем баспаған жерлер бар. Қорықтар мен ерекше көлдер, жанартауларды кездестіретін жалғыз жер де осы, сиқырлар мен ғажап аңдарға толы Кения. 

Кения -  Шығыс Африкадағы мемлекет. Кезінде Ұлыбританияның отары болған Кения 1963 жылдың 12 желтоқсанында көптен күткен тәуелсіздігіне қол жеткізген. 

Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, Кенияның территориясы - адамзаттың пайда болған мекені. Осы жердегі Рудольф көлінің маңында 3 млн жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйектері мен еңбеқ құралдарының қалдықтары табылған екен. 

Кенияның жабайы табиғаты мен жануарлар әлемі бүгінде бүкіл әлемнің туристерін қызықтыруда. Бұл жерде арыстанның антилопа аулауын, сусиырлар отбасыларының шомылуын, және әлемдегі ең көп алқызыл қоқиқаздар жиынын тамашаласа болады. Кенияның басты бөлігі осымен 15 жыл бойы қорық болып келеді, сондықтан да бұл жерде аңшылыққа тыйым салынған.

Кенияда ең көп кездесетін ағаш - баобабтың жасы 5000 жыл болуы мүмкін. 

Зебралардың негізгі түсі - қара. Ал ақ жолақтар қара пигментацияның жоқтығымен түсіндіріледі екен. Қызығы, біздің көзімізге айқын байқалатын зебралар жануарлар мен жәндіктерге жолақтардың жылтыры болып қана көрінеді екен.

Ал мына Кения тауының шыңындағы 11 мұздық осы жердегі барлық тірі жандардың шөлін қандырады екен. 

Табиғатта түсі мен өрнегі бірдей екі жирафты табу - мүмкін емес.

Аңдар патшасы - арыстан өз ұлылығымен көз сүйсінтеді. 1988 жылы дәл осы Кенияның арыстандары 28 адамның өлуіне себепші болған екен.

Қоқиқаздардың бір аяқта тұруының сыры мынада екен. Бір аяғын қауырсынына тығып алса, ол оны су мен желден cақтап, тоңдырмайдыі. Бір аяқпен тұру қоқиқаздар үшін еш қиын емес.

Кеш батқан кездерде ерекше тыныштық орнайды.

Ғажайып Кения табиғаты жаныңа тыныштық орнатады.

Суреттер: travel.nationalgeographic.com

С. А