2014 жылдың ТОП-10 Еуропа жағажайы

2014 жылдың ТОП-10 Еуропа жағажайы

«European Best Destinations» атты Бельгия туристік бюро агенттігі жазғы демалыс науқанының ашылуына орай, 2014 жылдың үздік он Еуропа жағажайын жариялады.

Тізімнің алғашқы буынын тур индустрия мамандары 2013 жылдың рейтингісіне сүйене отырып жасаған. Олардың нәтижелері демалу, ойын-сауық, саяхат секілді талаптарды ескеріп, онлайн дауыс беру арқылы анықтаған.

1. Harbour Beach, Тенби (Уэльс, Ұлыбритания)


Harbour Beach – аумағы 2,5 шақырым ұзындықта жатқан құмды алқап. Жағалаудың екі жағында Тенби қаласына шығатын төте жол бар. Жағажай қасында тау жартасына алып баратын сүрлеу жолымен туристер табиғаттың көркем бейнесіне сүйсіне отырып, серуендейді. Шипажай суының мөлдірлілігі мен көріктілігі тұтынушылар тарапынан жоғары бағаға ие.

2. Praia da Cova, Сесимбра (Португалия)

Praia da Cova келушілері бұл аймақты "Жер жәннаты" деп атайды. Жағалау тап-таза суымен, иірлік тастарымен тұтынушылар көңілінен шығып отыр. Сесимбра Praia da Cova су асты сүңгуірі мен жануарлар дүниесі арқылы атақты.

3. Zlatni Rat, Брач аралы (Хорватия)


Хорватияның Zlatni Rat жағажайы туристердің нағыз демалыс орталығы саналады. Оның пішіні 634 метр болатын кішкентай мүйізге қатты ұқсайды. Бұл жерге жыл сайын күнге қызып, теңіз жағалауында серфинг спортымен айналысам деушілер келеді. 

4. Isola Bella, Таормина (Сицилия)


Кішкентай тасты жағажай Isola Bella аралында Иони теңізінің жағасында орналасқан. Снорлинг, серфинг, дайвинг, виндсерфинг спортсүйер қауым арасында өте танымал. Теңіз астында түрлі-түсті балықтар, шаян тектес жануарлар көптеп кездеседі. Аралда болат арқан ұзыннан-ұзақ тартылған.

5. Los Canos de Meca, Коста-де-ла-Луз (Испания)


Коста-де-ла-Луз Теңіз жағалауы Кадисс шығанағында табан тіреген. Атлант мұхиты шайып, Португалия мемлекетімен шекаралас жатыр. Шипажай аймағына барсаңыз, шұбырып жүрген мыңдаған туристі көресіз. Шипажайда парус кемелерін жалға алса болады. Суы мөп-мөлдір, ауа-райы әрқашан бір қалыпты.

6. Grande Plage Biarritz, Биарриц (Франция)


Grande Plage Biarritz жағажайын серфингистер көп мекен етеді. Бұл жерде теңіз толқыны биік болғандықтан туристер толқындарды бағындыру мақсатында көп амалдайды. Жерорта теңізінің климат жағдайы ыстық ауа-райын сүймейтіндер үшін қолайлы.

7. Ile Vierge, Бретань (Франция)


Ile Vierge жағажайы өзінің құз жартасымен, бухталық фьордарымен, биік шыңымен мақтан етеді. Бұл аймақта Еуропа еліндегі ең биік маяк (82,5 м) орналасқан.

8. Porto Santo аралы (Португалия)


Porto Santo шағын аралына демалушылар көптеп келеді. Бұл жерде қоғамнан ары бөлініп, тыныштыққа бөлене аласыз. Арал Мадейраға 40 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

9. Nissi Beach, Айя-Напа (Кипр)


Nissi Beach жастар ортасында кеңінен танымал. Түнгі уақытта би кештері мен экстремалды ойындар жиі ұйымдастырылып тұрады.  

10. Kampen beach, Зильт-Ост (Германия)


Шағын болғанымен эксклюзивті, жайлы, таңдаулы жер. Неміс жағажайы келушілерді қызмет түрінің сапалылығы мен көптігімен қуанта алады. Жағалауға соққан самал жел парус және серфинг спортымен айналысатын әуесқойларды қызықтырады.

Оқи отырыңыз:

Исландия мүйісі

Көкке шығар алдында

Cаяхаттаудың тиімді айла-тәсілдері

Виза жасатпай-ақ демалып қайтуға болатын елдер

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: mirfactov.com

Н. Нұрмаханұлы