Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ерекше қасиеті бар тіршілік иелері

Ерекше қасиеті бар тіршілік иелері

Ерекше қасиеті бар тіршілік иелері

Табиғаттың тылсымын айтпаңыз. Кейбір жаратылыстардың адам сенгісіз қасиеттерін көргенде, өз көзімізге өзіміз сенбей, еріксіз таңырқап жатамыз.

Сондай ерекше қасиетке ие жәндіктің бірі - саламандра. 

Саламандра улы, қауіпті қосмекенді жәндіктердің қатарына жатады. Оның кез келген мүшесін кесіп тастаса, 8 аптаның ішінде қайтып қалпына келеді екен! Қолын кесіп тастаса, қолы, аяғын кессе, аяғы қайтып өсіп шығады...

Демек, тіршілік иесінде қайта қалпына келу мүмкіндігі болғаны! Аяғы не қолы, не құлағы жоқ адамдар өмірден қор болып, өтіп жатады... Саламандра мүшесін қалай қалпына келтіреді? Енді ғалымдар осы құпияны шешсе, кей жандардың он екі мүшесін түгел қылатын күн де алыс емес-ау...

Ал сегізаяқ (осьминог) туралы естуіңіз бар ма? Сегізаяқ - суда тірлік кешетін жәндік. Оның құпиясы сонда - жауынан қорғану үшін жолындағы кез келген тасқа барып жабысып, секунд ішінде денесін тура тастың түсіндей қылып өзгерте алады.

Терісіндегі керіліп-созыла алатын түрлі пигменттер сегізаяқтың түсін өзгертеді.  Сегізаяқ қорыққанда ақ, ашуланғанда қызыл түске боялады. Сондай-ақ, ол тастың үлкен-кішілігін анықтап, "көңілді" кездері қолдарымен заттарды ұстап, ойнайды екен. 

Медузаның су асты әлемінің сұлулары екеніне күмән жоқ. Бұл бір жұмбаққа толы тіршілік иесінде көз де, жүрек те, қанайналым жүйесі де, желбезек те, тіпті ми да жоқ. Сонда олар қалай тіршілік етеді? Ғалымдар олар денесімен тыныстайды дейді. Миы болмаса, өзін-өзі қалай басқарады? Бұл да жұмбақ...

Секундына 2 метр жерді жүзіп өтетін медуза қаншалықты сұлу болса, адам өміріне келтіретін қаупі де соншалықты зор екен. Оның уы адамды 3 минут ішінде сеспей қатыратын көрінеді. Сондықтан, су астында медузаны көріп қалсаңыз, көркіне тамсанам деп, жанына жетіп бармаңыз...

Сурет: museumkiev.org, crenature.ru, spynet.ru

14595 9
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 12:30
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 15:20

Сегізаяқ қорқынышыт екен! денем түршігіп кетті!

+0
18 мамыр 2012, 15:24

ал сіздер сол сегізаяқтардың 3 жүрегі бар екенін білесіздер ме?

+0
18 мамыр 2012, 16:02

жүрегі жоқ дейді ғой :roll:

+0
18 мамыр 2012, 16:06

У осьминога три сердца: одно (главное) гонит голубую кровь по всему телу, а два других — жаберных — проталкивают кровь через жабры-депті мында http://ru.wikipedia.org/wiki/Осьминоги

+0
18 мамыр 2012, 16:47

ой, мен қателесіп отырмын ) осьминогім несі, медузаның жүрегі жоқ деп айтқым келген :D

+0
23 мамыр 2012, 14:35

Фуу, қандай сүйкімсіз өздері. :?

+0
23 мамыр 2012, 18:44

саламандраның басын кессе ше, қайтадан шыға ма? әлде өліп қала ма?

+0
30 мамыр 2012, 16:04

басын кесіп тастаса, қайтып өсіп шығуы мүмкін емес сияқты...

+0
30 мамыр 2012, 16:12

сегіз аптадан кейін бас қайта өсіп шығады. Бірақ пайда не, саламндра уже өліп қалған

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...