Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жазғы демалыс: жақсы шабадан таңдайық

Жазғы демалыс: жақсы шабадан таңдайық

Жазғы демалыс: жақсы шабадан таңдайық

Саяхаттаушыға бағдар таңдау сияқты, жақсы сөмке немесе шабадан таңдау да өте маңызды. Сондықтан біз бүгін ұзақ жолға арналған сыйымды берік сөмке таңдаудың қыр-сырын меңгереміз.

Басты қағида: жол сөмкесін сатып аларда оның бағасы, беріктігі мен салмағының арасындағы үйлесімді табу керек. Біріншіден, оның көлемін нақтылап алу қажет. Өкінішке орай, барлық жағдайға сай келетін әмбебап нұсқа алу мүмкін емес. Бұл сөмкені бір адам ғана ұстап жүре ме, әлде отбасының киімдері салынатын бола ма – екеуінің бірін таңдау қажет. Егер ұшақпен ғана емес, пойызбен де саяхаттайтын болсаңыз шабадан әбдіреге сыюы тиіс. Көлемі үш есе үлкейетін шабадан не сөмкелер де өте ыңғайлы.

Шабаданның матасы төзімді әрі берік, ылғалды оңай өткізбегені абзал. Бұл тұрғыда тефлон төсемесі бар маталар ұсынылады. Былғары мата сырт көзге әдемі көрінгенімен, салмағы ауырлау болады, ал сөмке жүктен ауыр болмауы тиіс. Әр артық салмақ үшін төленетін ақша жайлы ұмытпаңыз.

Сөмке жансыз тасымалдаушы таспадан, жүк тасушылардың ұқыпсыз жұмысы сияқты түрлі бел-белестерден өтетінін ескеріңіз, сол себепті ол берік бекітілген болуы тиіс. Шабадан периметрі бойынша төзімді қаңқамен, ал бұрыштары арнайы резеңкеленген қаптамамен бекітілген болса тіпті жақсы. Егер адам киім-кешектен өзге түрлі сынғыш заттарды тасымалдамақ болса, бұл әсіресе маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, сынғыш заттарды киімге мұқият орап қойса, оны тасымалдауға бұрышы бар жақсы шабадан жетіп жатыр.

Дөңгелектеріне аса назар аудару қажет. Олардың қаншалықты қажет екені талқылауды қажет етпейді: арбашалар әр әуежайда бола бермейді, ондаған килограммды көтеріп жүруден, өзіңмен бірге алып жүру әлдеқайда ыңғайлы емес пе? Екі дөңгелекті немесе төрт дөңгелекті шабадандар болады. Екіншісіне қарағанда біріншісі ыңғайлы саналады. Дөңгелектер артық салмақ қосып тұрмас үшін тым үлкен болмауы қажет. Пластмасса тез сынып қалатынын ескеріңіз. Құюлы гель дөңгелектердің сапасы анағұрлым жақсы. Дөңгелектерінің мықтап бекітілгенін дүкенде тексеріп алыңыз: оларды тартып көріңіз немесе тіпті сындырып көріңіз. Саяхаттау кезінде барлық жүк осы дөңгелектерге түсетінін ескеріңіз. 

Суырмалы тұтқасы бар екі дөңгелекті шабадан мен сөмкелер өте ыңғайлы. Тұтқасы да төзімді және тиеу кезінде шығып кетпес үшін бүктеулі күйінде берік бекітіліп тұруы керек. Сонымен қатар, жүк тасушылардың көтеруіне ыңғайлы болатындай шабаданда тұтқаның балама нұсқасы болуы тиіс. Дүкенде сөмкені ұстап, жүргізіп, мұқият тексеріңіз. Ұзындығы мен пішіні өзіңізге ыңғайлы ма байқаңыз.

Көптеген сөмкелер сыдырма ілгек арқылы жабылады. Бұл ыңғайлы, бірақ сатып алғанда оны мұқият тексеріп алыңыз. Құлыптың тілі оңай жылжуы қажет. Кейін әр тілін – әрқайсысы мықтап бекітілген бе, тексеріңіз. Тістері ірілеу және төзімді материалдан жасалған болуы керек, өйткені оның желініп кететін қасиеті бар. Ілгектің матаға бекітілетін жеріне аса назар аударыңыз: кейбір жауапсыз өндірушілер ернеуін дұрыс жасамайды, мата ыдырап, ілгек түсіп қалады.

Шабаданның түзу тұруына ықпал ететін «аяғы» да берік материалдан жасалған болуы тиіс. Онсыз шабадан орнықсыз болады, бірақ ол ең алғашқылардың бірі болып сынады. Оның беріктігіне аса назар аударыңыз.

«Кіріктірме» коды бар сөмке сатып алудан бас тартқан жөн. Көбіне бұл артық шығын болып жатады. Мұндай құлыптар тез сынады. Оны ашамын деп шабаданды бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Сондықтан сыртынан ілінетін құлыпты таңдаған жөн, оны қажет кезде алмастыру да оңай.

Көптеген сырт қалташалары бар шабадан алу немесе алмау – талғамға байланысты. Алайда сыртқы қалтаны қауіпсіз дей алмаймыз, яғни онда алтын мен гауһарларды сала алмайсыз. Онда не салуға болады? Жолда оқитын кітаптар мен газеттер ме? Ұшаққа отырған соң шабаданнан оларды алу мүмкін емес болып қалады. Ереже бойынша, жолға қажетті кішігірім заттарды адам қол сөмкесіне салып алады. Сондықтан сыртқы қалташалар қосымша салмақ пен көлем беріп тұратынын және тиеу мен түсіру кезінде, тасымалдауыштан өткенде кедергі келтіретінін ұмытпаңыз.

Шабаданның ішінде міндетті түрде белдіктер болуы тиіс. Олар киім тым көп болса тартып тұруға және киім аз болса бекітіп қоюға өте қажет.

Кейбіреулер жылына бір рет пайдалануға жарайды деп, төзімсіз материалдардан жасалған арзан сөмкелерді таңдап жатады. Алайда арзан сапасыз сөмкелер саяхаттаушы қонақүйге жеткенше немесе одан да ерте, жүк тасушының қолында сынып, жыртылып қалуы мүмкін. Дөңгелектер бірінші төмпешікте-ақ уатылып кетуі мүмкін – жүкті қолмен көтеріп жүруге тура келеді, ал кейін тіпті тұтқасы да жұлынып қалуы ғажап емес. Сол себепті шабаданның сапалы біреуін алып қойғаныңыз дұрыс. Бірақ танымал брендтің, тым ашық, әдемі, қымбат сөмкесін алу да ұсынылмайды. Өйткені ол тасымалдау кезінде түрлі бел-белестен өтетінін ескеріңіз, сөмке тез кірлеп, тоз-тозы шығуы мүмкін.

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 14 сәуір, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.