Шөлдегі ең ұзын тас жол

Шөлдегі ең ұзын тас жол

Қытайдағы Такламакан шөлінде жатқан Тарим тас жолы Лантай және Линьфэнь қалаларын байланыстырады. Жолдың жалпы ұзындығы 552 шақырым екен. Оның 446 шақырымға жуығы адам аяғын баспаған аймақтарға төселген. Бастапқыда бұл жерлерде биіктігі 20 метрге жететін құм төбелер болған.

Биік құм қыраттарды басу үшін жолдың екі жағы да тегістеліп, жасыл өсімдіктер отырғызылады. Егілген өсімдіктерді сақтап тұру үшін әрбір төрт шақырым сайын арнайы қызметкерлер қойылған. Өсімдіктер суарылатын су 100 метр тереңдікке дейін қазылған құдықтардан алынады. Судың тұздылығының жоғарылығына қарамастан, жасыл белдеулер жайқалып тұр.

Үкімет құмды жердің тәртібіне көнетін өсімдіктерді таңдау үшін бес жыл бойы тәжірибелік жұмыстар жасаған. Ең алғаш рет 1999 жылы 6 шақырым аймақ жасылдандырылады. 2001 жылы бұл мөлшер 30 шақырымға дейін ұзартылады. Нәтижені байқаған үкімет 2003 жылы жобаға қолдау білдіреді. 

Шөлдегі Тарим тас жолының экономикалық маңызы зор. Өзіңіз де "мына жолға неге осындай жағдай жасалады, соншама қаржыны жұмсаудағы мақсат не?" деп ойлап отырған боларсыз. Тас жол ең алғаш рет 1995 жылы Такламакан шөліндегі мұнайды тасымалдау үшін төселген. Содан бері оны сақтап қалу үшін түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Бұл жол табиғи байлықты тікелей тасымалдауға мүмкіндік береді. Адам тұрмайтын аймақ болғандықтан, саяхатшылар мен қонақтарды күту үшін жол бойына мейрамханалар, май құю бекеттері тұрғызылған.