Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемнің ең таза су айдындары

Әлемнің ең таза су айдындары

Әлемнің ең таза су айдындары

Сіздердің назарларыңызға әлемнің ең таза және ең мөлдір су айдындарының ондығын ұсынамыз.

1. Мальдив аралдары

Мальдив аралдары -  әлем туристерінің сүйікті мекені. Сүйікті атануының себебі толып жатыр – ол күн мен теңіз және де ғажап аралдар. Мұнда судың тазалығы сонша қайықтар отырып, теңіз түбінде өз көлеңкеңді көруге болады.

2. Австралия

Үңгірдегі су қызыл тастан құралған және таң қаларлығы су өте мөлдір. Су түбін көруге кедергі болатын жалғыз нәрсе - құламаның әсерінен пайда болатын судың шымырлануы.

3. Бес түсті көл. Қытай

Бұл өзен солтүстік қытай провинциясы Сычуаньдағы Цзючжайгоу алқабында орналасқан. Бес түсті көл өзінің түбімен танымал. Көл түбіндегі ескі ағаштар кілемдей төселген және мөлдір су қабатымен жабылған.

4. Сардиния

Туристердің тағы бір сүйікті жерлерінің бірі. Мұнда сөзбен суреттеудің де қажеті жоқ, суретке қарап-ақ, бәрін түсінуге болады. Жерорта теңізінде көлемі жағынан екінші орындағы арал және де Сардиния өте сирек кездесетін жануарлар мен балықтардың отаны болып есептеледі.

5. Кратер көлі

Орегон штатында орналасқан Кратер көлі жеті мың жыл бұрын ескі вулканның жарылуынан пайда болды.

6. Piccaninnie Ponds, Австралия

Бұл тоғандар – Австралия елінің оңтүстігінде орналасқан нағыз қорық. Бұл жердің кереметтілігін тек арнайы рұқсат алғаннан кейін тамашалауға болады.

7. Машу көлі

Әлемнің ең мөлдір көлдерінің бірі өзінің атауын аттас тауға байланысты алған. Аталған көл дәл сол таудың етегінде орналасқан. Мұнда судың мөлдірлігі 41,6 метрге жетеді.

8. Шеосар көлі, Пәкістан.

Пакистан елінің солтүстік бөлігінде орналасқан табиғи көлдің ғажаптығы соншалық, ол адам қолымен жасалған деп те ойлап қалуға болады. Таулармен қоршалып, көл жағасында жүрген жануарлар қарап, Шеосар көлін шынымен де әлемнің ең әдемі жерлерінің бірі десек қателеспейміз.

9. Пейто көлі

Пейто көлінің тартымды көгілдір ақығы жергілікті мұздықтың ісі.

10. Байкал көлі

Өзінің тазалығынан бөлек, Байкал көлі әлемдегі ең терең көл ретінде де танымал. Осы орынға басты үміткер Таньганьика көлінің өзі көшбасшы көлден 200 метрге таяз болып саналады. Көктем кезінде Байкал суының мөлдірлігі 40 метрді құрайды.

Сурет: asaratov.livejournal.com, beway.ru, liveinternet.ru, otpusk.mirtesen.ru, life-planet.net, bugaga.ru, drugoevremya.com, populartourismplace.com, tchudesa.ru

12953 13
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 16:50
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 17:28

қандай әдемі )

+0
03 мамыр 2012, 17:35

Бздің Каспий де таза былай, асты тас :)

+0
05 мамыр 2012, 18:06

жалпы таза, ия :D

+0
03 мамыр 2012, 17:38

Мальдивы, Мальдивы, Мальдивы эх, барса ғой :roll:

+0
03 мамыр 2012, 17:39

шомылғым келіп кетті гой керемет! осынын жағалауында турсаң ғой...... :D

+0
03 мамыр 2012, 18:39

Саридиния өте әдемі екен

+0
04 мамыр 2012, 08:33

Сардиния шынында әдемі екен

+0
04 мамыр 2012, 09:20

Табиғат мінсіз суретші деген осы ғой. Тіпті бір компьютерлік графика дерсің. Керемет. Кеттім Мальдив аралдарына!!

+0
04 мамыр 2012, 15:02

Қандай керемет көрініс! Барғым келіп кетті! Маған Мальдив аралдары ұнады!

+0
12 мамыр 2012, 20:46

ішуге боламекен :?

+0
22 маусым 2012, 15:35

түүүүу, барсам ғо, шомылсам ғо осы жақта

+0
22 маусым 2012, 15:37

Менің ауылымда Сайрам-Өгем ұлттық саябағына кіретін Балықты деген көл бар) Ол да осындай тап-таза!!! Суын ішіп жүріп шомыласың :D Бірақ суы деген сооондай суыыыық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...