Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Болгария еліне жол тартсаңыз

Болгария еліне жол тартсаңыз

Болгария еліне жол тартсаңыз

Болгария елі жылдың кез келген мезгілінде туристерді құшақ жая қарсы алады. Бұл елде демалысты теңіз жағалауында ғана емес, қалаларда да өткізуге болады. Туристік қызметтерді жас мамандар көрсететіндіктен, олар орыс тілін жақсы біле бермейді. Сондықтан да, сапар алдында күнделікті тұрмыста көп қолданатын сөздердің болгар тіліндегі баламаларын біліп алғаныңыз абзал. Жергілікті тұрғындарға қарағанда, қызмет көрсету мен тауар бағалары шетел азаматтары үшін әлдеқайда жоғары.

«Әр елдің салты басқа» дегендей, бұл елде басын изеу «Жоқ», басын шайқау «Иә» дегенді білдіреді. Әдетте,  қонақүй қызметкерлеріне шайпұл беріледі. Мейрамханалар мен дәмханаларда шайпұлды ортақ есепшотпен бірге берген жөн. Ешқашанда артық тиын-тебенді дастарханда қалдыруға болмайды.

Болгария қалаларының кез келген аудандарында телефон аппараттары орналасқан. Өзіңізбен бірге тек телефон картасын алуды ұмытпаңыз.

Болгариядағы дүкендер мен сауда орталықтары күн сайын сағат 9.30-18.00 аралығында жұмыс істейді. Қала орталықтарында тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін сауда нүктелерін кездестіруге болады.

Бұл елден әр түрлі базарлықтарды әкеле аласыз. Әдетте, қолөнер бұйымдары, зығыр маталары, ыдыс-аяқтар, кілемдер, әтірлер, былғары мен күміс өнімдері әкелінеді.

Сауда нүктелерінің басым көпшілігі София қаласындағы Витоша бульвары мен Мәдениет Сарайының жанындағы галереяда орналасқан. Бірақ та, сауда жасамас бұрын, кеден ережелерімен танысып, қандау тауарды мемлекеттен алып шығуға рұқсат беретіндігін біліп алыңыз.

Темекіге құмар жандардың бірі болсаңыз, Болгария шылым шегуге рұқсат берген елдердің бірі екенін естен шығармаңыз. Себебі, темекі тартуға рұқсат бере отырып, Болгария елінің басшылығы туристерді өзіне тартады.

Раушан гүлі Болгария елінің басты нышандарының біріне айналған.  Жыл сайын елде мамыр айында раушан гүлдерінің фестивалі ұйымдастырылады. Фестиваль аясында егістік жерге раушан гүлдері отырғызылып, гүл күлтелерінен алқалар мен шеңбер жасалынады.

Суреттер: http://gobl.ru, http://expo-pages.com, http://www.domaza.ru

7596 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 13:38
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 15:59

Менің бір тәтем Кеңес Үкіметі кезінде Болгария барған сапарынан ондағы қалалардың, қонақүйлердің түрлі суреттерін, открыткаларын мен мектепте оқып жүргенде берген еді. Содан ол елге қызығушылығым артып, журналдардағы Болгария туралы ақпараттар мен суреттерін жинай бастадым. Оның барлығы ауылдағы үйімде қалды. :)

+0
05 сәуір 2012, 09:45

Иншаллах, Болгарияға жол түссін ;)

+0
10 сәуір 2012, 14:43

Айтқаның келсін, Ғазиза!!

+0
10 сәуір 2012, 22:24

ех кішкентай кездегі арманым жаһан кезу еді..... қазір интернетпен кезіп жүрмін :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...